Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: XXI ғасыр оқытушысы тұлғасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Тұрғара Жансая

Геоботаника, 1 курс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2017ж.

XXI ғасыр оқытушысы тұлғасы

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы Ғафу Қайырбеков

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің біріоқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек?!

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсатыбәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектепүйрететін орта, оның жүрегімұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше артықшылығыоның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғаліміпедагогикалық құралдардың барлығын терең меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлғалық құзыреттілігі.

Қазіргі заман ұстазының кəсіби шеберлігінің негізі Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделін қолданушы ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог —педагогтік сын көзбен қарай білетін іскер мұғалім қажет.

Күнделікті іс-тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп қабырғасында жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,әр мектепте заманауи талапқа сай оқу құрал-жабдықтарымен қатар интернет жүйесі тұрақты жұмыс істеуі қажет.

ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс-əрекетін жүйелі ұғыну үшін, оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, мұғалімдердің əлеуметтік жағдайын жетілдіре отырып, жаңа талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Міне, осындай іс-шараларды іске асырған жағдайда ғана, біз өз шәкірттеріміздің білімін, біліктілігін, сапасын дүниежүзілік білім беру стандартына сай, нарықтық экономикада бәсекеге қарсы тұра алатын жастарды дайындай аламыз.

Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстауәр мұғалімнің борышы.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсібитұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат етіп көрсетілген. Осыған орай, болашақ ЖОО бітіруші педагог мамандарға қойылатын басты талап:

Заманауи жаңа педагогикалық технологиялардың басты талабы оқушыларға білім берру барысында дәстүрлі әдістерді пайдалана отырып әртүрлі инновациялық оқыту әдістерін қолдану ( модульдік технология, кейс әдісі, мәселідамыта оқыту, кіріктіріліп (интеграция)) Сондықтан, мұғалімге қойылатын басты талап жаңа педагогикалық технологияларды игере отырып, мына талаптарға сәйкес болу керек: педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез бейімделетін; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек

Бәрімізге аян, дарындылық дегенімізәрбір жеке тұлғаның қабілеттіліктерінің жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Мұғалім сынып оқушылары арасынан дарынды қабілетті оқушыларды дер кезінде тани білу қажет. Сондықтан, дарынды оқушының білім сапасын одан әрі дамыту үшін басқа оқушылардан бөлек тапсырмалар бере отырып, кейде бағдарламадан тыс мәселелі сұрақтарды өз бетінше ізденіп шешуге көмектесу керек. Осыған орай, әрбір пән мұғалімі мынаны ескеруі тиіс: Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу; Балалардың өз бетінше іздену шығармашылық қабілетін дер кезінде бақылау; Берілген тапсырмалардың орындау нәтижесін бақылап, бағалау. Дарынды балаларды аудан, облыс, республикалық, халықаралық деңгейде өтетін ғылыми жобалар мен пәндік сайыстарға қатыстыру. Дарынды оқушылармен оқу процесін қалай ұйымдастыруымыз қажет

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса, нәтижесі табысты болады. Ол үшін: Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру; Жеке пәндерді оқытуда мұғалімге еркіндік беру ; Дарынды оқушылармен үзбей өз бетінше жұмыс жасауға оқу жоспарын құру арқылы ынталандыру.

Педагог — әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының біріәдіскерлік мәдениетін өзінөзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқуәдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзінөзі дамытуға көмек береді. Өзінөзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпымәдени, философиялықәдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.

Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттанузерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзінөзі дамыту болып табылады.

Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда мектеп оқушыларын сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың кәсіби мансабын өсіру және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондайақ мұғалімдердің еңбегіне мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасырбілімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.