Жан мен тән сұлулығы

Адам жаны – күллі құбылыстың ішіндегі ең тірісі және сезімталдысы. Осыған қарап адамның басқа тірі ағзаларға қарағанда ең биік сатыда тұратындығын байқаймыз. Адамның бірден-бір ерекшелігі – саналылығы әрі ауызекі сөйлеу формасы тілі. Тіл бұл – қарым-қатынастың, пікір алысудың ең биік межесі. Адами функцияналдық категорияларға қарай ішкі жан дүниесі сыртқы ортамен үйлесім тауып жатады. Негізінде адамның сыртқы кейпіне қарап ештеме айта алмаймыз. Адам сырттай күліп тұрғанымен іштей өксу сезімін де басынан өткере алады. Бұл жайт адамға ғана берілген. Бұл жағдаят сезім мен түйсік процесіне тәуелді. Адами құбылыстарға ұшыраған жайттар сезім моторикасын ұйқыдан дереу оятып сыртқы ортаға бірден жауап беру функциясы жедел басқарылады. Осыған қарап адам – сана, түйсік, сезім, ес және қабылдау арқылы өзін сыртқы ортада қалыптастырады.

   «Мен кіммін?», «Бұл өмірде алар орным қандай?» деген сұрақтарды әрбір өтпелі жастағы жеткіншек өз-өзіне қоя бастайды. Осы кезде сұрақтар өз-өзіне жауап бере бастайды. Тығырықтан немесе стресстік жағдайдан шығу үшін ата-ана мен қоғамның балаға тигізер әсері зор. Осы жеткіншек кезден бастап бала бойында өз имиджін қалыптастыру немесе эстетикалық сұлулығын айналадан көріп бой түзей бастайды. Жан мен тән сұлулығын қатар қалыптастырған жасөспірім ғана өмірлік болмысын, өмірлік ұстанымын қалыптастырғанмен бірдей болады. Себебі адам жанының айнасы – сыртқы орта. Айналасындағы адамдар қаншалықты деңгейде баға берсе, оның рухани құндылықтарына, рухани болмысына, сөйлеу мәнеріне қаншалықты нормада қолғабыс білдірсе немесе теріс қылықтарына ескерту жасап, оны түзетсе жеткіншектік дағдарыстағы бала үшін үлкен маңызды рөл атқарары сөзсіз. Адам табиғатының сұлулығына мына факторлар жатады:

жақсы сөйлесу;

дұрыс пікір;

ұтымды жауап;

салмақты ой қозғау;

адам психологиясымен санасу;

ыждаһаттылық;

түсіністік;

рухани құнды сөздер;

реалисттік;

ниетшілдік;

Міне, бұл аталғандар адам жанының жан тебіренісіне бірден-бір маңызы зор жиынтықтар. Осыларға жеке-жеке тоқталып өтсем. Біріншіден, жақсы сөйлеу – «жақсы сөз-жан ырысы» дейді алаш бабам. Бұл мәтелдің астарында психологиялық, философиялық ойлар жатыр. Адам – адам болғандықтан тұлғалық көзқараспен айналадағы адамдармен жақсы сөйлесу арқылы ғана өз жан дүниесін, өзінің менталегентін, этикасын таңыта алады. Сөйлесу – қарым-қатынас құралы. Бұл құралды әркім өзі біледі, қалай қолданса да адам түйсігімен байланысты. Дегенмен қоғамдық жерде немесе бір ғана адаммен сөйлескенде де дұрыс сөйлесу процесін алға жетелеу шарт. Адамды – сөйлеген сөзіне қарап таңуға болады. Ол қалай? Сөйлеп тұрған адамның вервальды емес құралдар, яғни ымдау, мимика тәрізді құралдарды қолданбаса адамның өз-өзіне сенімді екендігін аңғаруға болады. Сенімді айтылған сөз жүрекке жетіп, адамдар арасынды шынайы көріністі бейнелейді. Сөйлер сөз айтылу деңгейіне қарай эмоционалды, тура және жанама болады. Әрбір тұлға бойында сөйлеу тактикасы үлкен үдеріс формасынан өтеді. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасында жайлы пікір алысу үшін адамның көңіл күйі де әсер етеді. Сөзді жеткізу мен жеткізуші арасында үлкен процесс жүреді. Сол жүретін дағдыларды ескеріп әдемі сөйлеп, жайлы тыңдап, жақсы қабылдап, ой елегінен өткізу абзал. Сөйлер сөздердің жиынтығы ұтымды, ойы анық, көркем болуы шарт. Сонда ғана тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, адам санасында өз ерекшелігімен қалады екен.

   Дұрыс пікір – адамдармен пікір алмасқанда қояр сұрағы мығым, қатар жауабы толық болуы шарт. Адамдарды даттаудан, көмескі ойлардан және ғайбаттаудан алшақ болып, қоғам жөнінде жақсы пікірде болғаны жөн. Мейірімі жұрдай пенделер бар. Дегенмен олармен де жақсы пікір алмаса білу қажет. «Жақсы-жақсы сөйлесе — жылан інінен шығаады» деп қазақ мәтелін мысалға келтірсек болады. Адамдар арасында бір-бірі туралы дұрыс пікір қалыптаспайынша, әдемі сөйлеу де қалыптаспасы хақ. Сондықтан да мейлі ол қылмыскер болсын, мейлі ол зұлым пенде болсын. Сонда да оның жаман қылықтарына көз жұма қарап, жақсы жағынан қарауымыз шарт. Сонда ғана бұл қоғамның ойы өзгеріп, жақсы пікір қалыптасады.

   Ұтымды жауап – қойылған сұраққа анық әрі ұтымды, жинақы жауап беруіміз дұрыс. Қойылған сұрақ тиянақсыз, межесіз болса да толыққанды жауап қайтарып сөйлеуші арасындағы қарым – қатынас сөйлеудің биік мәнерін келтіруге болады. Адамдар арасында толық жауап қатпау көбінесе, күнделікті тұрмыста әр өңірде диалектикалық сөйлеу формасына байланысты. Қойылған сұрақтар құлаққа, жүрекке жағымды болса, қататын жауап та эмоционалды жағынан құнды болып табылады.

   Салмақты ой қозғау – қоғамдық ортада айтылар сөз дөп әрі салмақты болуы дұрыс. Әрбір қозғалар ой межелі айтылар астары анық болуы қажет. «Салмақты ой салмақты иесін табады» демекші айтылар сөз жүйелі болса нұр үстіне нұр болар еді.

   Адам психологиясымен санасу дегеніміз – адам темпераментіне қарай психологиялық сана, түйсігімен санасуымыз керек. Әр адам – жеке индивид. Сол индивидтің бойында әр түрлі сараптамалар түйіседі. Мысалы, кей адамдар бұл қоғамға басқаша көзқараспен қарағандықтан адам тұрпаты, болмысы да психологиялық ой-еркіндігімен ұласып кете барады. Сол үшін де кей адамдардың өмірден алған соққысы үшін қоғамды кінәлап, даттап өз этикалық мәнерін тұрпайы тұрғысында көрсетеді. Міне, бұл аталмыш мысалдар сөзімізге дәлел бола алады.

   Ыждаһаттылық немесе жинақылық деп атаймыз. Адам болмысы жинақылықпен ұштасады.Жинақы сөйлеу, ұтымды ой қорытумен санасады. Себебі санада қорытылған ой шашыранқы болса, сөйлер сөз де тиянақсыз болады.

   Түсіністік – бұл қоғамда әртүрлі актуалды мәселелер болары сөзсіз. олардың үлкенді-кішілі формасына байланысты әркім өзінше игеріп, санасында қорытып, түсіністік таңытады. Тыңғылықты межеден өткен түсіністік таңыту көптеген жағдаяттардың мәселелеріне жауап бола алады. Осылайша бір немесе бірнеше адамдар арасында бір-біріне деген түсіністік ұғымы кең етек жаяды. Дұрыс тыңдай отырып, дұрыс түсіністік таңыта аламыз. Міне, алдымен құлақ түреміз, ой қорытамыз және оны түсіністікпен қабылдай отырып шешім шығарамыз.

   Рухани құнды сөздер. Жақсы сөйлеп, тәтті сөзбен арбап, адам көңілін оңай табуға болады. Адам күнделікті тұрмыста бір-біріне қарапайым отбасы арасында жылы лебіздер айтып, тәтті сөздер айтып тұрса жан ұғымына мол азық болады. Рухани құнды сөздердің ауқымы кең болып, күнде атауын өзгертіп отыруымыз қажет. Ерлі- зайыптылар арасында жиі орын алатын конфликті жағдайлардың көбі тоқсан пайызы осы рухани жылы сөздерді бір-біріне айтпауы салдарынан екен. Міне, бұл тұрғыда жылы сөзді естімеген бала да өз ұясында көргенің болашақта оны дәл сол кейпінде қайталайды. «Қымбаттым» дегенде адам үшін ең қымбат, ең баға жетпестей болып сезілгендіктен де адам өзін жоғары санап, бір жасарып қалады екен. Ал қоғам арасында, ұжымда, айналада әркім бір-біріне жылы қабақ таңытып, «байсалдым, таланттым» т.б. ыстық сөздермен арбаса немесе мектеп ұстазы әр оқушыға ерекше аймалап еркелетіп қараса баланың өз ортасында еркін сезінуіне итермелейді. Бір ғана «айналайын» деген сөз бала жүрегінде ерекше орын алары сөзсіз. Себебі бұл сөз орыс немесе басқа да тілдерге мүлдем аударуға келмейді. Мұның өзі қазақ халқында рухани құнды сөздерге бай екендігін анық паршалап тұр.

   Реалисттік – шындық, айқын, тура. Бұл теңеулерге қарап-ақ анықтамасына жауап болдырта аламыз. «Реалный человек» бұл балама қазақша «шынайы бет-перделі тұлға» деген атаумен тәржімаладым. Бұл қоғамда реалисттік түсінігі қалыстасқан тұлғалар баршылық. Олардың өзіндік болмысы шынайы, турашыл, айқын, іс-әрекеті түзу, тұлғалық қабілеті қалыптасқан адам. Бұл ұғымға баланы, оқушыны, тіпті студентті де кіргізе алмаймыз. Себебі өз-өзіне толықтай жауап беру үшін 21 жастан бастау алады. Яғни, бұған біз адамның өзіне сенімділігі, іске жауапкершілігі, стратегиясы қалыптасқан болуы шарт. Бұл аталмыш функциялар реалисттік ұғымға пара-пар келе алмайды. Реалисттык көзқарасты ұстанатын адамның көбі шындықты сүйетін, әзіл-қалжынды көтермейтін немесе мүлдем жақтырмайтын, қызба мінезді, тік болмысты образдарға ие болады.

   Ниет – мақсатпен егіз ұғым. Мақсат – белігілі сатылы баспалдақтардан тұрады. Ал оны орындатушы – ниет. Ниеті түзу адамның мақсаты айқын. Ниет бар жерде көптеген істі тыңдыруға болады. Ниеті жоқ шәкірт, құр жарға тең. Себебі жарға қанша ілім төксенде, қашанда жар деген атауын жоғалтпайды. Ниет – адамның санасын, көзқарасын, ұстанымын түзеуге қарай бет бұрғызады. Балаларға алдымен ниет қойғызып, кейін білім беру шарт.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Жан ұғымы – өте ертеректе ежелгі Грецияда өз тұсауын кесті. Гректердің пайымдауынша жан мен тән егіз ұғым болды. Жан адамның тәні секілді сезінеді, ұғынады және ауырады деп пайымдады. Орта ғасыраларда «жан» термині психологияның анықтамасының үлкен бір морфемі болды. Қазақ «жан» түсігін кең тұрғыдан қозғаған. Тән жарасы оңалар, Жан жарасы қиын деп ой қорытады. Жаны сұлу адам – рухани бай болып келеді. Жан – адамның сезім мүшесінің бір бөлігі болып табылады. Жаны сұлу адамның бейнесі мынадай:

 

1 – кесте:

Адам жаны күнделікті тұрмыста көңіл – күйіне орай өзгеріп, ауытқып тұрады. Өз-өзіне қолқа салатын «жан» сезімі биік тұрады. Сол сезім сыртқы ортамен тығыз байланыста болады. Адам жанының басқарылуы түйсікпен басқарылады. Жан дегенде адамның тұлғалық нерв системасымен көз алдымызға келтіреміз. Яғни, жаны ауырған адамның тәні

 

 

 

 

 

 

Адам жаныңың қожайыны – тән. Тән – адамның физиологиялық, морфологиялық сұлбасы. Тәні саудың, жаны – сау деп қазақ мәтелі үлкен философиялық ой қозғайды. Адамның тәні ауырып тұрса, оның жаны сұлулық бейнесін көрсете алмайды. Адам тәні сезгіш нейрондардан тұрады. Сол нейрондар арқылы сезім аппараты іске асады. Сезіну формасы тән арқылы және түйсік арқылы басқарылады. Тән арқылы адамның жаны рухани ырғақтылыққа, еркіндікке, эмоционалдылыққа әкеледі. Адам

Адам болмысының қалыптасуы жан үдерісіне тікелей байланысты. Болмысты тік ұстап жүруге физиологиялық тән ықпал етеді. Адам өзін еркін ұстау арқылы қоғамдық ортада және жеке өзі де өз-өзіне де сенімді болуы абзал. Адам дүниеге келген сәттен бастап-ақ өзіне тән жеке мінезі және болмысы болады. Ал нақты болмыс уақыт өте келе жасөспірімдік шақтан кейін толықтай қалыптасып, қоғам ортасында өз стимулын қалыптастырады. Болмыс арқылы адамның жекелік, даралық қасиеттеріне, темпераментін білуге болады. Мысалы, біреу тым күйгелек ашушан немесе тым бірбеткей болуы мүмкін. Бұл болмыстың сыртқы формабы немесе қабы деп атауға болады. Болмыс – улкен эволюциялық процестерге ұшырайды. Оған бірден-бір себеп – қоғам. Қоғамды адамдар құрайды. Ал сол адамдар бірі екіншісіне сын-пікір, мін айту арқылы екіншісіне әсер етеді. Алайда бұл біреу айтты екен деп туа біткен болмысын аяқ асты өзгерте салады деген емес, жәй кейбір олақ қателіктерін болмыс функциясынан алып тастауы әбден мүмкін.

Рухани құндылықтар – ішкі жан дүниемен астасып, сыртқы реакцияға жауап қатуы болып табылады. Рухани құнды жиынтықтар адамның ілтипаты, лебізі, ыстық тілегі, жылы сөздері, шырайлы лебіз-нұсқаулары болып табылады. Адам рухани құндықытарды өз бойына сіңірмейінше келесі біреу келіп оған руханилық сыйлауы мүмкін емес. Себебі адам қоршаған ортасына шуағын шашып, жылы сөздермен көмкеріп жүруі ләзім.

Адам жанының сұлулығы өз бойындағы ішкі мотивациялық күшке де байланысты. Себебі сыртқы ортаға бейімделу процесі үстінде адам өз-өзін реттейді, болмысын күш арқылы басқарады және бір имиджге қарай өзін жетілдіреді. Адам жаны қаншалықты деңгейде таза, кіршіксіз мөлдір болса оның сыртқы бет-келбеті де соншалықты әдемі болары сөзсіз. Жаны беймазалыққа салынған адамның сырты бүтін деп айта алмаймыз. Себебі адам жаны нәзік құбылыс. сол құбылыс сыртқы дене бітіміммен үйлесім табады. Адам әрбір күн сайын таң ертең айнаға қарап жымиып «Мен әлемдегі ең әдемі, жаны сұлу жанмын» деп іштей айтса санамен түйсінсе адам жанына үлкен азық болып табылады. Себебі адам өз-өзін ыждаһаттап, жетелеп, жан-тәнің теңдей бірқалыпты әдемі ұстауы қажет. Қазіргі қоғамда әртүрлі ситуациялық мәселелер, күйбен тіршілік, стресстік жағдаяттар орын алып, адамды екі есе қартайтып жатыр. Яғни іштей мүжілген адам сырттай да мұқалатыны сөзсіз. Беттегі әрбір сызық-тыртықтар осы ішкі жан-дүниемен үйлесім табып, сыртқы ажардан көрініс табуы болып табылады.

Адам кейбір басқан теріс қателіктеріне бола өмірден түңеліп, өзінің жан жарасын ұлғайтып алады. Осының салдарынан адамда сының салдарынан адамда психологиялық дағдарыстар орын алады. Оның алдын-алу мақсатында адам баласы кейбір түкке тұрғысыз адамдардың сөзін ой елегіне алмауымы қажет. Себебі әрбір сөзді жүрекпен тіке қабылдаған сайын адамның санасы, ақыл көкжиегі, өмірге деген көзқарасы мүлде өзгере бастайды. Ешқашан, ешуақытта бір пенденің ауыр сөзіне бола жүрегімізге оқ қадап, көзімізге жас парлатып, санамызға басқа ақыл орнатпайық. Тек қана бастысы өмірге деген махаббатымызды өшіріп алмайық. Сонда ғана өмірлік есіміміз тарих беттерінен айрықша із қалдырары сөзсіз.

Адам – бұл әдемі тағдырды өзі құрайды. Ол үшін мына жайттарды ескеру қажет:

өзін бала кезінен ойын махаббатына қану қажет;

достарының алдында жауапкершілікті ескеру абзал;

ата – ана алдында өзінің балалық борышын түгелдей атқару міндеттеледі;

балабақшада салған суреттерін алып қою қажет;

мектеп қабырғасында үздік әрі белсенді оқушы болуға ұмтылу маңызды орын алады;

әрбір қадамды ойланып, нық әрі сенімді басу тиіс;

оқушы кезеңде қолданған оқу құралған алып қойып, оны әр жыл сайын еске алып отыруы да ерекше орын алады;

балалық шақты қайталанбастай қызықты сәттермен өткізуі абзал;

жастық шақта қате қадам басудан алшақ болған жөн, керісінше сананның ақылымен ғылым, білім жүйелерін қалыптастырып, тарихта есімін қалатындай адал еңбектен;

ел мүддесі үшін әділ бол;

нағыз махаббатынды жолықтырмайынша алтын уақытынды ұсақ-түйек адамдармен уақыт өткізіп алма;

адамды таңи біл;

кез-келген адаммен тіл табысқыш бол, алайда орнымеен;

мен концепциясын жиі тұтын, сен өзінді мақтамасан, сені ешкім мақтамайды;

қоғамдық ортада арлы абырой жина;

ардақ тұтар адамдарын әркез жанынан табылсын;

жүз пайыз сенімді адамдармен ғана сырынды бөліс. Себебі досынның өзі ту сыртынан пышақ қадап дақпырт сөйлемесіне ешкім де ешқашан кепілдік бере алмайды;

махаббатқа тым қатты берілме. Отбасылы болғасында романтика өз жөнің табады;

біреу туралы жалған сөйлеуден және қосып айтудан аулақ бол, өз көзін, өз құлағын естіп куә болған жағдайды ғана баянда;

жалтырағанның барлығы алтын, адамдардың барлығы күліп тұрғанмен адал емес, кез –келгенге құрақ ұшып жаңталаспа, артынша сәлем алмайтын кезге жетеді. Бұл жәйт басымыздан жиі орын алған.

біреуге серт берсен, айтқанынан тайынба. Уәде бұзушылық жауапкершіліксіз жан екенінің айнасы;

махаббатпен ойнама, уақыты аз болғанымен жалыны қатты.

ата-ананға ғана үміт арт және олардың да сенімін ақтай біл. Екі дүниенің бақыты солар.

ел мүддесіне қызмет етер адал перзент тәрбиеле, тегінді әрмен қарай жалғап өтеді;

ұрпағына ұлағатты із қалдыр, сол салған жолмен дақ түсірмейтіндей қызмет етіп, сенің тегінді жалғап өтеді;

аяқ астынан кездескен адамдарға қолғабыс тигізуден тайынба;

ешқашан да біреудің жүрегіне тіке тиер сөз айтпа, сол айтылған сөз ұрпағына тимесіне ешкім кепіл бере алмайды;

әрбір адам өзін күллі әлемде жалғыз, дара екенің және қайтіп өмірге келмейтінің біліп жүруі шарт және сол үшін өз-өзін ерекше бағалап, жақсы көруі абзал;

алдыға мақсат қоймай қадам баспа, әрбір қадам мақсаттардан, армандардан тұрса өмірге деген махаббат сөнбейді;

өз-өзінді қадірлету үшін өзгені қадірлеуден баста;

сыйлы ортада сыйластық қабілетінді жоғалтпа;

жасанды мінездің қажеті жоқ;

әдемі сөйлеп, барша жанды өз ортанызда баулап алыңыз;

сүйген жанынды ешқашан да аяқ астынан бөгде біреумен алмастырма;

жылы пана сұрап, өзгенің мекенің тұрақтама, өз үйін – өлең төсегін;

этиканы сайтай біл;

эстетикалық талғаммен үйлесім таба біліңіз;

өнерді сүйеніз және содан ләззат алыңыз;

өзіңді сүйгізе біл және біреуге де өз махаббатынды төк;

әлеуметтік қамқорлығынды аяма, демеушілік білідіріп тұр;

шет елге саяхаттап тұру үшін, көп тілді қанжығана байла, артық тіл – артық білім;

табиғатпен сырласа біл. Ол саған жан рахатын сыйлайды;

өсімдіктермен үндесе біл, сырынды ешкімге айтып қоймайды;

жануарларға мейірімділік таңыт. Әрбір жануар өзіндік дара ағза;

өмір қысқа. Оны әдемілеу, безендіру, есімімізді тарихтьа қалдыру өз қолымызда және сол үшін тайынбауымыз қажет.

Иә, бұл менің жеке көзқарасым әркім өз жанымен үйлесім тапқызып, санасына тоқиды. Мен өз өмір жолымда әр басқан қадамымда мақсатпен, жоспармен басамын.Болашаққа көп үңілемін және қиялдап тұрамын. Қиял – адамды арманға, арман – мақсатқа, мақсат – жоспраға жетелейді. Осылай біз ойымызда жүрген әр жағдаятты қолымызбен жасап көруіміз абзал.

   Өмірде жан сұлулығы тән сұлулығымен қатар жүреді. Әйелсіз еркек, еркексіз әйел өмір сүре алмайтын секілді. Бұларда егіз ұғым. Біз сырттай санамызбен қабылдап, жанымызбен сезініп, одан ой түйіп, тәндегі жасушамызға азық болатындай жақсы жйттарды жақсы ықыласпен қарауымыз дұрыс. Әркім жеке ағза. Ол ағзада мүшелер мен қатар ми басқарылады. Ми – барлық ақпараттардың сақтаушы қойнауы. Сол қойнауымыз терең, әрі бірнеше бөліктен тұрады. Сол бөліктер арқылы ойлау системасы жүезеге асырылады. Адам табиғаттанда, істеген еңбегінен де, жасаған бұйымынанда, оқыған кітабынан да рухани ләззат алуы қажет. Сонда ғана сол ләззат тән системасына барып орналасып, өзіндік жасуша қорын байытады. Медицинада жан жарасынының жазылып кетуінің 70 % — науқасқа байланысты. Себебі психологиялық жағынан өзін жеңе білсе, жігерлендіре білсе, өмірге деген махаббатын өшірмей ұстап қалса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Алдымен ниет, ынта, ақыл жоспар, мақсат, арман және қиял құруы қажет. Пенде бұл фәниде өз болмысын әртүрлі кейіпте жасандылықта көрсетеді. Ал оның мүлде қажеті жоқ. Керісінше шынайы (оригиналный) қалпынды еш өзгертпе. Сол қалпынмен сен бұл өмірде дарасын, ешқашан да ешуақытта да қайталанбайсын. Себебі сенің орнынды ешкім баса алмайды. Әр адам туылған сәтте өз жұлдызың, өз орнын, өз есімін, өз тегін алады. Сол сияқты сен де дара, жеке қайталанбас индивид екенінді мойында және мойындай біл.

   Мектепке дейінгі жастағы сәбилерде ешқандай кінә да күнә да болмайды. Оларда қызықушылық, еліктеушілік және өмірге деген махаббат болады. Сол кезде ата-ана баланы дер кезінде қызығушылығына мұрат қылып, мақсат қойдырса сол бала мақсаты үшін барлық қадамдарға барады. Бұл жердегі мотив – қызығушылық, еліктеушілік. Яғни бұлар баланы еліктіреді, қызықтырады. Мысалы, ұстаз болғысы келеді, немесе велосипед алғысы келедіі анасының көйлегіндей әдемі көйлек киіп, той-томалаққа, жиынға барғысы келеді. Немесе қасындағы көрші баласына еліктеп спорт үйрімесіне барғысы келеді. Міне, өзімізді дәл бала секілді сезініп,»мен қалайда бұл мақсатқа жетемін» деп жігерлендіруіміз қажет. Сонда ғана өмірдің мәні кіре бастайды.

   Тұрмыста күнделікті бір жайтты қайталай бермеңіз. Өмірінізге аптасына екі мәрте болса да өзгеріс еңгізіп тұрыңыз. Жеке өз басыңыз күнделікті жұмыс уақытынан барардан бұрын күнделікті уақыттан ерте тұрып, сыртқы ауадан, самал желден, құс дыбысынан ләззат алыңыз. Немесе үйдегі жиһаздардың орындарын өзгертіп, одан қалса имиджіңізді де өзгертуге болады. Ал отбасылы адамдар балаларымен көптеген өзгерістер орын алғыза алады. Себебі балалардың өзі жаңа өзгерісті, жаңа шоуды қалап тұрады. Ең алдымен үйдің атмосферасын жаңарту қажет:

«қайырлы таң» дегенді басқа тілде айтып, балаларды оятып, таңғы асты бірге дайындауға көмек сұрау қажет, балалар мұны құштарлықпен істейді. Ал әкесі ұлы екеуі төсек орынды өз қалуаулары бойынша жинастырсын. Қыздарға қарағанда фантазиясын бақылап, олардың икемдерін қарағанда тұрған ештеме жоқ;

таңғы жаттығуды сумен жасауға болады. Бұл үшін үйдегі жер төсеніштерді жинап тастап, анасы жасанды жаңбыр жауғызып тұрса, ал әкесі трейнер болып жаттығу тәсілдерін үйретіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. («Таңғы сәттегі жаңбыр аясындағы жаттығулар» деп арнайы атын қойып алса, балалар мұны ерекше ықыласпен істер еді);

таңғы ас кезінде балаларға арнап кемінде 20 жылы сөз айтып, көңілдерін көтерген жөн;

балаларына дастархан этекасын сақтауды, қазақи тәрбие беруді де ұмыт қалдырмауы абзалырақ болар еді;

Әрбір тіршілік иесі өзінше дара индивид ретінде өзінің өмір естеліктерін жаңашылдықпен толытрып өтыруы қажет. Өнерді сүйеңіз және оған бас иеңіз. Себебі өнер туындысы күллі әлемдегі ғылыммен пара-пар шынайы дүние. Қарапайым кітап оқудың өзі өнер. Себебі сіз жазушының бағасын еңбегін бағалап жатырсыз. Поэзияға құштарлық, мүсін өнеріне, қол өнерге, суретке, саятшылыққа, үлгі жинауға, т.б. мыңдаған өнердің ішінен өзініздің жан қалауыңызды таңдап алыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Отбасы құндылығы

Отбасы – шағын мемлекет. Бұл ұғым сонау көне кезеңнен бастау алады. Психологияның ерекше орын алатын саласына отбасы түсінігі кіреді. Бұл орайда қазіргі таңдағы отбасылардың психологиялық аспектілері әртүрлі ауқымды қамтиды. Отбасы деген ұғым ең алғаш рет тас дәуірінен алғаның барлығымыз білеміз. Алайда ең алғаш рет Хау Ана мен Хау Ата адам болып дүниеге жаратылғаннан бастап өмір арнасы екі жыныстан тұрды. Әйел және еркек. Міне, бұлар әлемнің жаңашыры және ұрпақ жалғаушы тұрғысында қарастырылды. Осылайша ұрпақтар сабақтастығы өрбіп, ұлт, нәсіл, мемлекет деген ұғымдар пайда бола бастады. Алғашқы дәуір патриахаттық деңгейді ұстанды, яғни отбасында әкенің үстемдігі. Тас дәуірінде жабайы аңдармен күн көрген адамзат үшін барлық қиын шаруаны еректер атқарды. Соған орай еркектердің үстемідігі басым болды. Кейін жаугершілік заманда да ер азаматтың рөлі үлкен беделге орнықты. Дегенмен көне Греция шаһарларында әйел үстемдігі бірінші орынға шыға бастады. Бұған себеп әйел – ұрпақ жалғастырушы, ана, ұрпақ тәрбиелеуші, үйдегі қам-қарекеттердің барлығынатқарушы және жауға да шауып елінің амандығына да жауап берді. Осылайша кейбір елдерде матриахаттың деңгей жоғары деңгейден көрініс тапты. Мысалы, Томирис патшайымды скифтердің сонау ежелгі патшайымы ретінде алып қарауға болады. Алайда бұл үстемдік көпке созылмады. Жауға шабатын, үйінің асыраушысы жәнеұрпақтың тікелей қаны сақталатын әкенің рөлі тарихта бірінші орында тұрғандығын айтып өтеміз. Себебі орта ғасырда жаугершілік заманда хан мен ханзада деген ұғымдар кең етек жайып, әйелдердің орны асханамен ғана шектеліп қала берді. Тіпті ислам діні орнаса да әйел адамның ер адамнан кейінгі орында тұратындығын шариғатта кең түрде айтылған. Ал қазіргі жағдайда, яғни ХХІ ғасыр ой түйістіретін заманда ғылым мен білімде жаңалық ашуда жынысына, нәсіліне қарамасы анық. Сонымен қатар ХІХ ғасырдан бастап қыздарда білім ордаларында хат таңып, сауатын аша бастады. Міне, осыған орай заман көші жылжыған сайын ер мен әйелдің дәрежесі теңесе түсті. Сонау ХХ ғасырда әйелдер үйде отыруға, қатты білімді болуға шектеу қойған. Бірақ соған қарамастан көптеген қаракөз қыздарымыз өнердің биік мұрасына ден қойып, ағартушылы, әскери салады немесе өнер саласында өздерінің есімдерін тарихта ойып тұрып қалады. Алайда мұның өзі саусақпен санарлықтай. Бұған дейін қазақ қызы арасында ақындық өнер ер адамдардың көлеңкесінде ғана қала берді. Біраө қазіргі таңда әйел адамдар поэзия арнасын кең тұрғысында толғап, қазақ есімін асқақтатып жүр. Мұның өзі қыздар мен ұлдардың жалпы рухани дәрежесінің тең үстемдікте екендігін көреміз. Біз демократиялы, зайырлы, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Осыған орай бұрынғы отбасылар мен қазіргі отбасы фунциясының аражігінде ат төбеліндей айырмашылықтар бар. Немесе еуропаға бағытталған өзіндік стиль, жаһандық үдеріс байқалады. Отбасы құндығына ана, әке және балалар кіреді. Бұл құндылықты әркім өзінше түсінеді және оны қалыптастырады.

Мен бұл психологиялық зерттеу еңбегімде көптеген отбасыларды тәжірибеге алдым. Бұған жас ерекшелігіне орай жас, орта және кәрі топтағы отбасы мүшелерін сырттай бақылау сынағына зерттеу жүргіздім. Қазіргі таңда отбасындағы әйел адамның рөлі басым екені жасырын емес. Қазақстанда жыл сайын оң мыңға жуық заңды некеге тіркеледі. Бірақ өкінішке орай көптеген отбасы бірнеше ай өтпей жатып, дәм-тұзы жараспай ажырасып, екі арнаның ағынында кете барады. Арадағы бала жетімдер үйіндегі баланың саның ұлғайтады немесе толыққанды емес отбасы, яғни теек ана қамқолығында ғана тәрбие алады.

Отбасы болуға итремелейтін бірден-бір жайт ол — жастықтың қызып тұрған шағында махаббат деген уақытша сезімге мас болуы салдарынан. Бір көргеннен күйіп, сүйіп бір-бірінің шынайы бет-пердесін көрместен отбасын құра салады. Осылайша арадағы махаббат ең ұзақ дегенде үш-ақ жылға ғана ұласады. Бірақ көптеген отбасыларда бір жылдың төңірегінде махаббат сезімі әсте жоғала бастайды. Бұған бірнеше себептерді зерттедім:

бір-біріне деген сыйластықтың жоғынан;

материалдық дүниенің жетіспеушілігі;

арадағы ортақ келісімге келмеу;

әйел адам ер азаматын өз ырқында ұстағысы келуі;

ер адамның өз әйелінен жылулық көрмеуі;

бала тәрбиелеуде бір-бірімен санасуы;

алкоголизмдік ішімдік салдары;

тұрақты қызметтің болмауы;

сырттағы адамның кездейсоқ мазаббатына бөленуі;

рухани азық болар сөздерді жиі айтпауы;

талғамдардың үйлесім таппауы;

қайың жұртының немесе өз туыстарының отбасы мәселесіне мұрын сұғуы;

әркім өзінше стимулын айрықша ортада жасанды көрсетуі;

позитивті көзқарас бір-біріне деген;

сексуалды қарым-қатынасты басқа адамнан іздеуі;

дөрекі мінездердің аяқ астынан қалыптасуы;

бала тәрбиесінде бір-біріне жөн-жосықсыз керісіп қалуы;

бірбеткей қырсықтылық салдарынан;

қоғамнан ауыр сөздерді естуі;

қызметте жұмысының алға баспауы;

түймедей мәселелерге бола жүйкесін жұқартуы;

бір – біріне деген сенімсіздіктің салдарынан;

бөгде ортадан тым артық қызғаныштық салдарынан;

істеген қызметтерін міндетсінуі;

ішімдекке салынуынан;

бір-біріне деген көңілі толмауынан, т.б.

Міне, бұл аталған жағдаяттар ерлі-зайыптылардың отбасы деген шағын мелмекетін құртады. Осылайша қоғам бұзылса бір елге, бір мемлкетке әсер етпей қоймасы анық.

Ер адам қашанда басым. Бірақ сол басымдығын тым артық пайдаланса әйел адамның жүйкесіне әсер етеді. Себебі ол да біреудің нәзік гүлі, мәпелеп өсірген қызы, жалғызы. Алайда кей азаматтар артық іс-әрекет қол көтеру немесе өз ырқында ұстау, өзінің ғана айтқан нормативін сақтау бүлардың барлығы отбасының бұзылуына әкеліп соғады. Отбасы құндылығының сақталуына мына міндеттерді ескерсек:

шынайы сезім;

адал махаббат;

кіршіксіз көңіл;

дариядай жүрек;

«сіз» деген сыйластық;

ортақ мәмілеге келу;

талғамдарын үйлестіре білу;

алкогольдік өнімдерді көп пайдаланбау

шынайы күлкі;

жиі еркелету;

әйел адамның ер адамның алдында бабын табу;

ер азамат үнемі тұрақты қызмет атқаруы;

ұрпақ тәрбиесіне екеуі де тіклей атсалысуы;

баланы бөліп қарамаулары керек;

күн сайын кемінде 20 жылы сөз айту қажет;

балаларыныздан күнделікті іс-әрекетін, не істегендігін әдеби сөздік қормен кең тұрғыда баяндатуы;

ерлі-зайыптылардың талғам үйлесімділігін білуі парыз;

әр мейрам сайын бір-біріне деген рухани лебіз білдіру;

материалдық қажетті дүниені бірге саралап сатып алуы;

ай сайын бір – ақ рет сыйлық сыйлау шынайы сезімнің үлкен көкжиегі болып табыдалы;

екі жақтың туыстарымен теңдей сыйластықта араласуы;

әйел адам жолдасына әр іс-әрекетін ескертіп отыруы абзал, т.б.

Бұл аталмыш қағидаларды ой елегінен әркім өзі өткізіп, өзінше түйсінері хақ. Бірақ мен бұларды ұзақ зерттеу жұмысымнан алдым.

Ендігі кезекті жас ерекшеліктеріне орай отбасы құндылығын дәріптесек. Жас отбасылар – әлі де қоғам ортасына толықтай сіңісіп кетпегендіктен, көптеген нәрселерге күдікпен қарайды. Алайда жас отбасыларда стимул басым болады. Немесе бір-біріне деген талап, міндетсіну формасы айқын көрінеді. Мен бұл тәжірибеде 20-23 жастағы ерлі-зайыптыны алдым. Олардың ала-құла жоспарлары бар. Бірақ айқын емес. Себебі тым жас әлі оқу орның толық тәмамдамағандықтан. Әйел заты қашанда қыдырысты, көңіл көтергенді, өзгерістерді қалап тұрады. Ер азамат ырқына бағынқысы келмейді. Өзінің жас екендігін сылтау қылып киім стилінде бұрынғы кейіпті, яғни бойжеткен шағындағы сәндік киімдерді көп тұтынуы. Отбасын құрмаған құрбыларымен бірге кештерге, мейрамханаларға, шоуларға жиі барғысы келіп тұрады. Бұл жастағыларда әлі ақыл тоқтамаған. Себебі толық ақыл 23 жаста аяқтана бастайды. Бірақ кейбір қыздардың морфологиялық, физиологиялық және психологиялық жетілу процесінің артта қалушылығы да әсер етеді. Мен жетінші сыныптан бастап қыздардың ақыл-парасатының жетілу процесін сынаққа алдым. Шыны керек көптеген қыздар өтпелі кезеңде өзінің шынайы болмысын, жасанды мінезбен бүркейтіні өкінішті. Мен өзім сол кезде небәрі 13 жастағы жасөспірім едім. Алайда менің психологиялық ақылымның өз жасымнан бұрын тез жетілуіне орай көптеген жағдаяттарға ерте ақыл тоқтаттым. Себебі мен сол кезде ғылыми жобалар қорғап жүргенде, қоғамдық орта мені ерте есейітті. Осынау өтпелі кезеңде көптеген қызыдар ата-ана еркелігінен, жылулығынан әсте құр қалғандықтан, жанына жылу болар рухани азық іздейді. Ал ұлдар жағы жыныстық жетілу салдарынан өзіне қажетті гормоналды, сексуалды қатынасты көздейді. Қыздар болса құр еркелікке бола, бала махаббатқа бола махаббатқа ерік беріп, сезімнің жетегінде кете барады. Осы кезде көптеген оқушылардың сабақ үлгерімі төмендеп, ойы сан-саққа кетеді. Өз темпераментін, өз талғамын, өз болмысын, өз стимулын, өз жүрісін және сөйлеу мәнерін қалыптастырады. Ал мен бұлардың біреуіне де қызықпадым. Себебі шынайы болмысым ғана менің өмірлік позициямды қалыптастырды. Мен үшін басты орында білім, ғылым, инновациялық жаңалықтар қызықтырды. Қыздарға психологиялық іштей сұрақтарым көп болатын. Бала махаббатқа бола неге ерік бересіндер, шынайы келбеттерінді неліктен аяқ асты өзгертесіндер, өзінен жоғары сыныптың ұлдары ертең-ақ мектеп бітіріп кетеді, уақыттарынды қайдағы жоқ біреумен сөйлесуге неге арнайсындар, қажеті қанша? деп іштей осы ойларды сұрақ қып қоя алмай мектепті тәмамдап кеттік. Дегенмен біреудің ойымен саудаласқым келмейтіні анық. Міне осындай ерте жастан махаббат құрып, бойжеткен мен боз бала болып ерте дос болғандар оқу орнына барғанда басқа ортаға түскендіктен өз жартыларын бөгде біреумен алмастырмасына ешкім кепіл бола алмайды. Сол себепті бала махаббатты қоя тұрып, оның орның мектептен тыс үйірмелермен, факультетативті пәндермен, қоғамдық іс-шаралармен алмастырса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл орайда ата-аналарға жүктелетін міндеттін ауырлай түсетінің өте жақсы білемін. Себебі өтпелі жастағы жеткіншектер ата-ана сөздерін құлаққа ілгісі келмейді, өздерінше дербес, тәуелсіз адам ретінде сезініп, қоғамда өздерін тұлға ретінде қалыптастық деп санайды. Осы кезде психологиялық көмек өте қажет болады. Қоғамнан алған әртүрлі пікірлер жеткіншектің санасына небір ойларды жетелейді. Сол алған тәрбиесінен, көрген, білген, түйген ойларынан жаңа ортаға түскенде соны мұрат, мақсат қылып қойып алады да сол парызды ұстанып кете барады. Әрбір тұлға өтпелі кезеңде өз болмысын қалыптастыра бастайды. Көптеген жастар мектеп бітірген соң арман қуып әр қалада білім ошақтарынан білім қуып кетеді. Сол кезде жаңа қоғам, таңсық көше, өзгеше стиль, басқаша кейтұрқы адамдар, жаңа ортаға бірден сіңісіп кету үшін үлкен адаптациялық процесті басынан кешетіні анық. Осы кезде көп жастар қызық қуып, қайталанбас жастық шақ – студенттік кезең деп алға ұран тастап, өздерінің межелерінен шығып кетеді. Тіпті бұрын соңды шашынан ақ бантигі шешілмейтін қыздар ішімдіктердің ортасынан бір-ақ шығатын, ал ауылдағы моп-момақан ұлдар жағы қыз көрсе жасанды қылығымен қыздарды айналшықтай бастайды. Қу мазаққа айналған бұл жастардың бар ойы, мақсаты қызыққа мас болу. Алайда жастық шақ тек бұл уақытша қызықпен ғана шектелмесі анық. Бұл тұста мен студенттік шағымда ауыз толытырып айтатындай көптеген қыруар шаруалар тындырдым. Аллаға шүкір. Мен деген де жанымнан табылған деканым да, кураторым да, педагог кадрлар да ерекше ықылас таңытты. Бұған себеп менің бірінші курст басталар басталмастан республикалық конкурстен бір-ақ шықтым. Бұрын соңды бара алмай жүрген ақындарға бұл жарыс бұйырмаса да маған бұйырып Алматы қаласында үлкен додадан жүлделі оралдым. Осы жарыстың өзінен-ақ үлкен шабыт алып, факультетімде есімім шарықтай бастады. Кейін газет редакторына көзге түсіп, 2000 таралымы бар газетте тілші болып кеттім. Шараларды ұйымдастырып, көптеген сырттай байқауларға ат салыстым. Таңнан кешке дейін универдің дәліздерін тоздырдым, кітапхана екінші үйім атанып кетті. Себебі ғаламтор мағлұматына аса қатты сене бермеймін. Көптеген қыздар ғаламтордан ала салады. Есесіне барлығы бірдей қылып бір сөзді қайталап шығады, ал менің қулығым кітапханадағы көне кітаптар мен ғаламтордағы арнайы сайттардан салған мағлұматтарды салыстыра отырып, жазып, келесі күні ой-елегімнен өткізіп, көркем тілмен, ұстаздардың құлақ құрышын қандырардай көрнекіліктер қолданып айтып беруші едім. Кеште бір-ақ келем үйге. Үйде көп сабаққа бас ауыртпаймын. Ауызша сабақтарды кітапханада оқи салатын тұғынмын, ал үйде көркем әдебиеттер, поэзия кітаптарды толтырып екі кітапханадан алдын-ала он, жиырма күнге алып көзім ілінгенше түн қарасы маужырағанша мен де өліп тұрып образға еніп кетіп оқитынмын. Шыны керек күні бойы университет қабырғасында тыным таппай жүгіріп жүретіндіктен әбден шаршайтынмын. Алайда шаршағанымды басатын бір нәрсе бар. Ол – поэзия оқу және жазу. Оқу арқылы білімімді шындай түсемін, ал жалғыздығымды сол кезде ғана түсініп, жылап отырып небір өлеңдердің өрнегін өргізетін едім. Шыныменде –ақ мен ақын болғандықтан біреуге жыр арнағым келіп тұрады, алайда ол жартымды ұзақ уақыттар бойы кездестіре алмадым. Көптеген азаматтар хабарласады, кездесуге шақырады, әлеуметтік желідегі оқырмандарым да ерекше сөздермен сөз салады алайда мен тәккапарлық мінезім бар-ау шамасы, біреуінің сөзі, біреуінің жүзі, енді біреуінің көзі ұнамады. Бір сөзбен айтқанда жоғары талғамды болдым. Бір жағынан титтей атағыма кір келтіргім келмеді. Кейде тіпті бұл әлемде маған тең келер жігіт жоқ деп жалғыз қалсам, жетімдер үйінен бала асырап алуды жоспар санадым. Тәккапарлау болғаным да жақсы болған шығар… Себебі өмір анкетамда қайдағы жоқ азаматтардың есімдерін жазғым келмейді. Бір ғана азаматтың етегінен ұстап, сонымен ғана отбасылық ғұмыр құруды парыз санадым. Алайда екінші курстың басында өз университетімнің басқа география – жаратылыстану факультетінің студенті ерекше құрмет таңытып, сөйлесіп жүрді. Ол жігіт соңғы төртінші курста. Бұл азаматты ұнаттым. Себебі тұйықтау, салмақты, имиджін қалыптастырып, педагог деп айтуға тұратын еді. Мен он тоғыз жасқа келіп ең алғаш рет жігітпен жүру деген түсінікті ұғындым. Себебі бұған дейінгілері талғамнан шыға қоймады. Алайда мен ең алғашқы махаббатым мұңды аяқталады деп ойламаппын. Себебі ол азаматтың көздеген мақсаты – дипломдық жұмысты жазғызып алу болды шамасы. Мен бұл азаматтың мақсатын тура екі ай жүргеннен соң ғана білдім. Мұны мен психологиялық сынақ арқылы біліп алдым. Оған арнайы сұрақтар қойдым. Махаббатқа деген көзқарасын, болашақ жоспарларын сұрадым. Тек шындықты қатаң талап еттім. Басында бәрі жақсы болған махаббат еді. Қайдағы жоқ осындай арамза адамға бола кіршіксіз таза махаббатымды арнаппын. Бұл менің өкінішім мен күйініш болды. Жыладым, өксідім, махаббаттан жиіркендім. Себебі осындай өтірік жасанды махаббат болады ма? деген сұрақты өзіме ғана қоя бердім. Ең өкіншітісі менің қайтіп келмес алтын уақыттарым, оған жазып берген өлеңдерім, оған жазып берген сабақтарым, дәрістерім, тіпті қаржылай көмегім. Ал мен бұрын соңды махаббаттың арнасынан өтпегендіктен басында түсінбедім. Алайда мен үшін үлкен қайталанбас сабақ болды. Мұның өзі менің жүріп өткен жолдарымның бір ізі болып қалары анық. Алайда мен басқа қыздар секілді кештерге, бөгде орталарға мүлдем бармадым, қызықпадым. Себебі олардың ойлары уақытша қызық, сезімге мас болу, көңіл көтеру. Ал мен үшін бұлар менің бір тал шашыма татымайтын құр әурешілік. Барар жерлерім саябақтар, драмалық театрлар, ақындармен кездесулер, тілшілік қызметі бойынша сұхбат алу, кітапханаларда оқырмандарыммен кездесу, шабыт алар жерлерде демалып серуендеу. Мені қоғам ерте есейітті. Себебі бір құрбым өзіне қажет кезінде ғана бас пайдасына санамдағы ақылымды олжалап, келесі күні сәлем алмайтын күнге жетеді. Енді біреуі әдеби бағытта қажеттіліктерін сұрап алып, алғысын айтпастан кете барады. Мен ешкімнен ештеме дәметпеймін. Алайда көңілге түскен кірбінді жуып, шаю қиын екен. Сонымен қатар кей адамдар аяқ астынан сатқындық жасап кеткендері де болды. Жылатып, орта жолда қалдырғандары да болды. Тіпті кей құрбылар жалған сөйлеп сыртымнан тон пішкендері де болды. Әбден көңілім қалды. Азаматтар болды күйіп, сүйіп, талғандар. Алайда мұндай өткінше сезімнің қажеті жоқ дедім. Өмір тек сезімнен, махаббаттан ғана құралмайтының айтып жеткіздім. Тіпті кейбіреуі маған бола суицид (өз-өзіне қол жұмсау) қадамына бір қадам жақындады. Мен сонда ол адамдарды психологиялық сөздеріммен жеңе білдім. «Айдаладағы қызға бола мына әдемі әлемнің сәулесін бір-ақ күнде өшірсен, осыған дейін не үшін, кім үшін өмір сүріп келдіңіз? Мендей тәккапар, талғампаз, білімнен басқаны ойламайтын қайдағы жоқ қызға бола керемет шағынды құрбан қылғаннын маңызы қанша?» деп әлгі адамдарды керісінше стимулды, яғни меннен жирену мақсатында осындай сөздермен ол адамды жігерлендірдім, өмірге деген көзқарасын түзеттім. Есесіне ол адам не үшін өмір сүріп жатқаныдығын түсінгендей болды. Тағы бір азамат бұрын соңды қолына қалам алмай, ақындық деген өнерден әсте ойына кіріп шықпаған өнер еді. Алайда маған ғашық болғаны соншалық, менің жүрегіме өлең жазу арқылы орын алғысы келді. Сөйтіп ол адам қаламгер болып кетті. Асқан ақынсымақ, дуалы сөз сөйлейтін жанға айналды. Ал мен бұл адамның өмірін басқа арнаға бұрсам да, махаббат дегеннен мақұрым едім деп тұшымды жауабыммен бірден бетіне айттым. Алайда көптеген адамдар менің бір-ақ ауыз психологиялық санаға түйетін сөздеріме бола өмірге деген көзқарастарының өзгергендігін байқадым. Яғни менің титтей болса да пайдам тигеніне аса қатты қуанамын. Яғни менің айтпағым жастай отбасылы болудың қажеті жоқ. Алдымен «тұлға» деген стратегиянның фундаментін қалап алу қажет. Ол үшін ең алдымен, адал білім алу қажет. Білімсіз бұл өмірдің кірпішін қалау мүмкін емес. Кейін өзіннің тұрақты баспананды, материалдық қажеттіліктерінді толықтай қамтамасыз етіп алу абзал. Себебі жас болғандықтан қыдыруға да өте көп қаржы кетеді. Ал қыдыратын кезде үйіннің кірпішін қалап жүру, жастық дәуреннің кейбір тұстарынан әсте құр қалумен тең болып табылады. Сонымен қатар болашақ балаңға арнайы есеп шот ашып, оның болашақ шет елдегі оқу орнына қомақты қаражат құйып отыру керек. Ал оған дейін да ол баланың материалдық шығындары жетіп артылып жатады. Баланың жасы артқан сайын сұранысы да екі есе арта түседі. Сол себепті отбасында әйел де ер азаматта қызмет еткені дұрыс. Ол үшін екеуі де міндетті түрде оқу орның тәмамдап алған және тұрақты қызметі бар болғанда ғана отбасын құрып, аяқтарынан тік тұратындай, қаржылай қысылмайтындай болуы қажет. Ал 20-23 жастағы отбасында тек бір ғана инвестиция тартылып отыр. Сонымен қатар бала болады, кейін әйелінің оқу орнына жыл сайынғы оқу қаражаты бар. Бұл жерде балаға зардап тиеді. Себебі баланы күтетін күтушіге бір қаражат, оқу орнына және балаға да қажетті мөлшерде жаңа ойыншықтар керек. Ал осы кезден бастап, ер азаматта психологиялық дағдарыстар басталады. Материалдық жағдай, жетіспеушілік, сұранысқа сай әйелінің киім кешегі, күнделікті тамақ, баланың арнайы тағамдары, қыдырыстары осылардың барлығы бір ғана адманың ай сайынғы нәпақысына келіп тірелетіні сөзсіз. Студенттік кезде студент болғандықтан жасөспірім санасы басқа жастарға қарағанда оқуға деген бейімділігі өте жоғары болады екен. Студенттік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам зиятының (интеллекті) ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады. Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимунда (ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен.

Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 20-23 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 25 -ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді.

Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.

Міне, жоғарыда айтылғандай адамның жас шақтарына байланысты психофизиологиялық функциялардың дамуы өте күрделі қарама-қайшылықта болады. Ол өзгерістер адамның еңбек әрекеті мен практикалық тәжірибесіне тәуелді бола келіп, онтигенетикалық даму заңдылықтарын бейнелейді.

Студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады. Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді. Әлеуметтік-психологиялық аспекте студенттердің басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.

Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді. Студенттер педагогикалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы-контексті жүйе болып табылады. Студенттік шақ адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.). Міне, осыған орай студенттік шақты отбасылық өмірге алмастырмау қажет. Себебі әрбір ғылыми ілім үлкен ізденісті, мол қызбалықты және күш-жігерді қажет етеді. Ғылымға жұмсайтын уақытты отбасылық тұрмысқа арнауға болмайды. Дегенмен әркімнің өз түсінігі және дара салынған сара жолдары, тағдыр тауқыметтері бар. Сондықтан біреудің санасымен саудаласпасым анық. Бұл жастағы ерте құрған жас отбасылардың бақытты болып кетуі арадағы сыйластық пен мол түсіністікке байланысты. Бұл топтағы отбасылар өмірдің қызығы деп жүріп ерте қадамдарға барған шығар, алайда өмірлік жұп болу бұл – өмірдің ақ, қаралы көпірінен өткен, өмірдегі жауапкершілікті толық сезіне алатын жандар болуы тиіс. Алайда бұл жастағыларға тек бақыт, кіршіксіз махаббат тілеймін.

Ал екінші топтағы отбасыға 22 – 26 жастағы орта деңгейдегі жас отбасыларды алдым. Бұл топтағылар ақылы толысқан, дипломдарымен қызмет етіп, өмірдің тауқымет сынағына төтеп беруге қауһарлы жандар. Қазақстан Республикасының статискасы бойынша жылына бұл жастағы жастардың 70 % — ы отбасын құрады екен. Яғни жас межесіне жеткен азаматтар мен азаматшалар отбасын құрып, өмірлік серіктерін кездестіреді екен. Бұл жаста отбасын құру өте қолайлы болып табылатын жас межесі. Себебі бұл жаста әйел адамның физиологиялық, психологиялық жағынан баланы дүниеге алып келуге өте қолайлы әрі ой толысқан жас жиынтығы болып табылады. Бұл жастағы топтарды күнделікті өмірде өзімнің таңыс отбасылардың мүшелерін алдым. Оларға сырттай бақылау жүргіздім. Бұл жастағылар өмірлік тәжірибесі бар болғандықтан отбасы проблемасын теңдей бөлісіп, өзара түсіністік таңытады. Алайда барлығы емес. Бұлардың арасында да үйлене сала ертесіне өз жұбайына көңілі толмайтындары да баршылық. Солардың ішінде ерлерінің әйелдеріне көңілі толмауы, артық дөрекі сөйлеуі, дақпырттануы тіпті баласының көзінше анасын қорлау, балағаттау жағдайлары да орын алады екен. Мен мұны өз көзімен көріп, үлкен психологиялық ой үстінде қалдым. Бұл жерде екі мотивация орын алады. Ер азаматтың жұмыстағы қиыншылықтары және үйдегі материалдық жағдайлар да үлкен әсер етеді. Бұл жерде барлық жаман сөздерді жүрегіне сақтаған ананың санасына психологиялық соққы, ал бала үшін өте үлкен дағдарыс болып табылады. Себебі шаңырақтағы татулық, береке, сыйластықты сезінбеген бала ертең де өзі жеке отбасы блолғанда әкесінің істеген іс-әрекеттерін қайталап айтапысына ешкім кепіл бола алмасы анық. Бұл тығырықтан шығудың бір ғана амалы бар. Олотбасылы болғанға дейін ерлі-зайыпты отбасылық тұрмысты өзара шешіп, бір-бірін алдын-ала толық білуі қажет және мызғымас сыйластықты орнатуы қажет. Әйел адам қашан да ер адамның алдында басын иеп, өзін бір саты төмен санауы абзал. Бұл тұрғыда шариғатта жақсы жазылған. Ғасырлар сабақтастығында ер адамның мәртебесі жоғары екендігін мына мысалдан-ақ көруге болады. Абай Құнанбаев білім алып, ауылына келіп, аттан түсе салып, әжесімен амандасып жатқанда «әй, балам, ең алдымен әкенмен амандас, әне отыр әкен» деп немересін әкесінің киіз үйіне бағыттап, еркек тұрғанда бірінші сонымен амандасу керек екендігін атап, тірбиелік нұсқау тастайды. Тағы бір мысалда жолда үлкен егде тартқан әженің алдында бір аяғы ауыр келіншек өтіп бара жатса, әлгі әже «қарағым, өте бер, сенің құрсағындағы сәби ұл болса, ұлдың жолын кеспейін» деп өз жолын беріпті. Міне, бұл тұрғыда ер азматты бір саты көтеріп тастадық. Алайда әйел адамның беделі жөнінде құранда жақсы көмкерілген. Мұсылмандар арасында қыз дүниеге келсе, құт келді. Өрісіміз кеңейеді деп қуанып жатады. Мұның өзі ерекше бақыт. Ол қыз баланы қырық үйден тиып, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай, оқытып, жоғары біліммен қанаттандырады. Кейін күйеу балаға аманаттап құтты ұясына қондырады. Асыл көзіндей сақтаған қыздары бір үйдің түтінің түтетуге барады. Алайда жолдасы өзі ойлағандай бағасын білмей, бұрын соңды естімеген сөздерді естірту бұл тұрғыда әйел адамның ең үлкен өкініш деген нәрсені сонда ғана түсінеді екен. Әттең, бұл адамға өз еркіммен тимегенде немесе мүлдем тұрмыс құрмай-ақ жалқы болып қала бергенім жақсы ма еді? деп өз-өздерін қажытады екен. Ал шариғатта әйелі еріне немесе ерінің әйеліне көңілі толмаса жұмақтың есіктері оңай ашылмайтынын нұсқап өтеді. Үш қызы бар әкежәннатқа кіреді деп жатады. Алайда бұл үшін үш қызын құтты босағаларына қондырып, бақытты етіп, кейін өзі өмірден өту болып табылады. Қызды тәрбиелеу, азаматты тәрбиелеуденекі есе ауыр. Себебі әкесі қызына қатты сөгіп айта алмайды. Сол үшінде ананың қызбен сырлас болуы өте маңызды. Қыз қадірін білмеген әкеәке емес. Себебі туған анасын, өмірлік жұбайын сыйламаған әке қызын да сыйламасы анық. Бұл мәтелден философиялық ой тастайды. Бұл жерде 22-26 жастағы ақыл тоқтатқан ерлі зайыптылардың арасында орын алатын конфликті мәселелердің себебін анықтап алуымыз қажет. Арадағы бала- көпір тәріздес жалғап отырады. Алайда әке мен анаға бала ортақ болса, атқаратын міндеттері де ортақ. Міне, бұл бірінші мысал. Әкесінің балаға жөнді тәрбие бермеуі немесе анасының балаға сабаққа көмектеспей немқұрайлы қарауы. Бұл мәселе міндеттісінуден басталып, материалдық қажеттіліктермен өз жалғасын табады. Мысалы мына схема арқылы бейнелеуге болады.

 

 

 

 

 

 

Материалдық жағдай көбінесе қаржының жетіспеуі салдарынан орын алады. бұл тұрғыда екі есепті ортаға түйістіріп, оларды рет-ретімен бір жерден орынды жерлерге жұмсау қажет. Мысалы, әйелі мен күйеуі айына 500 доллардан тапты делік, екеуінікі 1000 долларды құрайды. Мұның 15 % -ын коммуналды ұйымға төлейді. Яғни, газ, ауыз су және жарық көздеріне, ақылы телеарна сервистеріне. 25%-ын бір айлық тағам өінімін алсын, ал 20%-ын киім-кешек, 5 %-ын тұрмыстық химиялық бұйымдарға, 20 %-ын балаларының депозиттегі есеп шотына аударса, ал қалған 10%жол ақысына және қалғаның қосымша күнделікті қорға ұстауы қажет. Міне бұл орайда тиімді есеп жүргізіп, оны сақтап үнемдеу қажет.

Бұл мониторингті өзімнің ой-санамның мысалы ретінде алдым. Әркім өз межесіне қарай есеп жүргізері анық. Бұл материалдық жағдай екінші мысалымыздың дәйекнамасы болды. Ал үшінші жағдай – қоғам. Яғни айналадағы адамдардың бұл отбасы туралы көзқарасы немесе сырттай жалған сөйлеп, ғайбаттауы. Тіпті туысқандары отбасы мәселесіне араласып, мұрындарын сұғуы болып табылады екен. Мысалы, күйеуінің апа-ағалары аналарына барып келіндерін даттауы.Келіні жолдасына ұнаса болды емес пе? Оның өмірдегі стилі, стимулы, мінез-шатағы не қажеті бар? Мұны жалпақ тілмен айтқанда айдап салу немесе арандату дейді. Мен бұлардың барлығын өз көзіммен куә болып жүрмін. Бұл қоғамдағы ажырасу факторларының бірден-бір себебі – айрандай ұйыған отбасыға туысқандарының жиі араға түсуі болып табылады. Мен мұны сынақ-тәжірибе арқылы дәлелдеп, статискамен көрсетіп те бере аламын. Көбінесе АХАЖ органдарына ажырасу туралы шағым түскенде заңгерлердің бірінші қоятын сұрағы «Ажырасуға не себеп болды?» Бұған тұщымды жауап беретін өкілдер «Ененің озбырлығы, қайың сіңілісінің жақтырмауы немесе қыздың төркінге қарай жиі бет бұруы» деген сияқты түкке тұрмайтын сылтаулармен өз жалғасын табады екен. Міне, ақиқат бір отбасының дәм-тұзынан айырған қайдағы айдалағы –сөз. Бұл қоғамдағы жаман пейілді адамдардың тілін кесіп алып, қатты жаза тағайындасақ менен асқан ақымақ жан болмас. Алайда тіл, сөз деген адамның ажалына апарып соғатын ең жаман нәрсе. Осы сөз – адамды өсіреді кейін өшіреді. Ененің жас келінге артық ақыл айтудың қажет қанша? Бұған дейін туған анасының тағылымын жиырма бес жыл бойы алып келді емес пе? Келіннің жасаған іс-әрекеті ұнамаса, өзі-ақ тағам дайындап алсын жеке ғана өзіне. Міне, сонда мәселенің басы шешіліп, келіні де бұған рұқсатын берер еді. Артық дақпыртты әңгіменің, біреуді жамандаудың қажеті қанша бұл сынақ ғұмырда? Мүлдем қажет емес. Бір отбасы – жеке мемлекет. Ал қайын жұрттары — шет ел деп алайық, яғни көрші одақтас ұйымдар тәріздес. Бұл көрші мемлекеттер президентке, яғни үйдегі ер азаматқа әркім келіп өзінің қаулысын айтса немесе тағайындап қойған сенат басшысы өз әйеліне көрші мемлекеттердің көңілі толмаса, бұл мемлекеттің жеке автономдық күшінің жоқ болғандығы. Бір сөзбен айтқанда дербес отбасы емес. Көрші мемлекеттер тәуелсіздігі жарасқан мемлекетке арандату басты парызы болып қалады. Сол тәріздес логикалық түрде ой межемізді өткізуіміз қажет. Жалпы бұл жастағы отбасы мүшелері өмірге үлкен жауапкерділікпен қарағандай болады. Бірақ олар да көп уақытын қыдырыстап, қызық көреміз деп бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмей кететіні жасырын емес. Осы кезде бала мектеп оқушысы болады. Сол кезде балада психологиялық әртүрлі ситуациялар немесе сабақтың қиын мәселесі орын алып тұратыны тұрақты жайт. Осы кезде жұмыстан бас алмайтын ата-ана үшін бала бір бұрышта қала береді. Осының салдарынан балалар арасында өмірге деген қызығушылық төмендеп, өзін жалғыз санайды. ешкімге керек санамайды. Ата-анасы барлық материалдық жағдаймен қамтамасыз етіп қана қояды. Ал онымен жеке сөйлеспегесін жерде баланың ішкі қиялын, арманың білмегесін жерде және рухани лебіздер, демеулер білдірмегесін балалар арасында тәрбие процесі бұзылады. Бала бұзылса, ата-ана арасында жиі орын алатын конфликті жағдайлар болып тұрады. Осының салдарынан отбасы құндылығы бұзылады. Әр балаға жеке көңіл бөлу арқылы еліміздің болашақ тұлғалар қалыптастырамыз. Сол үшін де балалар жағдайын ерекше назармен қаруымыз қажет. Ойымды түйіндей келе бұл жастағы отбасылардың өмірге деген қызығушылығы жоғары болатындықтан олардың арасындағы конфликті жағдайлар тым ұзаққа созылмайды. Белгілі бір жалғаушы себептер болары анық. Осы жаста сыйластығы жарасқан отбасылар болашақта да егде тартқанда бастары бір жастықта қаартаяры сөзсіз.

    Ал үшінші топтағы отбасы құндылығына 30 жастан жоғары отбасы мүшелерін алдым. Олардың жас ерекшелігіне қарап-ақ өмірлік позициялары қалыптасқан, жігер- күштері еңбекке, бала тәрбиесіне арналатын адамдар екенің айтып өтуге болады. Осы жаста отбасы беріктігі нығая түседі. Себебі осыған дейін әртүрлі мәселелердің жүгін бірге арқалап келген ерлі-зайыптылар үшін болашақ қиындықтарды да дәл солай екеуара өткерері сөзсіз. Бұл жаста бір-біріне деген сенім нығайып, қызғаныш деген ұғым болмайды. Қалған ғұмырлары тек балаларға арналатындықтан баланың тәрбиесіне, біліміне қатты назар аудара бастайды. Дегенмен бұл жастағы ер азаматтар өз әйелінен көрген жылулықты сөндіріп, басқа қыз-келіншектерге көз жүгірте бастайды. Мұны психологияда гормоналды үйлесімділіктің жоғалуы салдарынан немесе әйелінің сыртқы ажарының, бет-бейнесінің сұлулығы егде тартып кетуі де себеп болады екен. Бала – үйдің шамшырағы. Ал осы шамшыраққа ата-ана толық жауап беруші. Алайда осы үшінші топтағы отбаслырадың арасында да ажырасу процестері жиі орын алып жатады. Осылайша толыққанды емес отбасында бала тек ананың ғана тәрбиесінде өсіп жатады. Әкенің мектебінен дәріс алмаған бала үшін өз стилін, болмысын қалыптастыру өте қиынға соғады. Себебі басқа ортаға қарап бой түзеуге тура келеді. Менің зерттеу сынағымда осы жастағы жетім балаларды, жартылай жетім балаларды және толыққанды емес отбасындағы баланың тәрбиелік орның қарастырдым. Жетім балалардың өзін екі топта қарастырамыз. Тірі жетім балалар және ата-ана қарауынсыз немесе ата-ана құғынан айырылғандардың балалары жатады. Бұл жерде ата-анасы қайтыс болған тірі жетім баланың мұңы әлде қайда ауыр. Олардың отбасылық бақытты толық сезіне алмауы жүректі ауыртады. Дәл осындай тірілей жетім атанған жандар болашақта отбасы деген түсінікке күдікпен қарайды. Алайда олардың өмірге деген махаббаты зор болады екен. Сол махаббаттың арқасында олар болашақ отбасын берік құрып, өз балаларына өздері көрмеген жылулықты сыйлайды екен. Мұның өзі – отбасы құндылығымызды арттырары сөзсіз. Бұл тұста балалардың жетім қалуы, толықққанды емес отбасындағы бала атануына бірден-бір себепкер – ата-ана болып табылады. Ата-ана құшағында мейірлене өскен бала үшін тұлғалық болмысын тез қалыптастырары сөзсіз. Ер азаматтар орда бұзар отыз шағында қыдырыстап жүргені мүлдем орынсыз. Бұл тұста әкенің істегенің бала да қайталайды. Әкесі қыдырыстаған бала да өзіне үлгі тұтып, достарына диі бет бұрғысы келіп тұрады.

   Сонымен қатар ер адамдар әйел адамның жұмысын теңдей бөлісіп алуы қажет. Себебі қазіргі нарықтық қоғамда үй тірліктерінен көрі мемлекет қызмет маңызды орын алып тұр. бұл орайда үйдегі жұмысты шама-шарқы келгенше ерлерде өз қолғаабыстарын тигізіп отыруы қажет. Мұның өзі отбасының бір кірпіші болып қаланары сөзсіз. Бұны көріп өскен бала да асқан еңбекқор болады. Көбінесе үй тірлігінде ананың атқаратын қызметі зор. Баланы оқытудың өзі үлкен психологиялық талапты қажет етеді. осы кезден көптеген ата-аналар қарамай кетеді. Міне, ата-ананың ең үлкен қателігі – баланы білім жолында орта жолда тастап кетуі. Мейлінше көмектесіп, көп көңіл бөлінсе, баланы мотивациялық күшпен, мақсатпен оқыту абзал. «Балам, сабағынды өте жақсы оқы. Әне, әкенді қарашы үлкен лауазымды тұлға. Оның беделі зор. Ал ол беделге үздіксіз біліммен жетті» деп жиі үлгі тұту қажет. Әкесіне еліктеген бала да алдына үлкен мақсат қояры сөзсіз.

   Осы жаста қызмет қиындықтары да орын алуы ғажап емес. Бұл қиындықты көп еңсере бермейтін ер азаматтар ішімдікке салынып, аяқ астынан өзгеріп шыға келеді. Мұның барлығы жұбайына жүйке психикасына, балаларына зардабы тиері сөзсіз. Осынау айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылып, күндегі бір әдет ұрыс-керіс басталады. Ал мұны көріп өскен бала өмірден үлкен соққы алады. Ал ол көңіл жарасы ешқашан жазылмайды. Балалары әкесін жек көріп кетіп жатады. Мастыққа салынған әкесі балаға дұрыс тәрбие бере алмайтынын білген жұбайы аяқ астынан өз жолдасымен ажырасады. Мұның өзі қоғамдық үлкен ситуация болып отыр.