МӘТІН: Статистикалық мәліметтерге сүйенсек елімізде 50 мыңға жуық бала мүгедектігі бойынша есепте тұр екен. Балалардың сал ауруы қазіргі таңда кең тараған кеселдердің бірі. Балалардың бұл науқасқа шалдығуына экологияның ластануы, дұрыс тамақтанбау, жүктілік кезіндегі инфекция, кеш басталған токсикоз, ішімдікке салыну, ана мен бала қаны резус факторларының сәйкес келмеуі, уақытына жетпей босану әсер ететін көрінеді. Баланың сал ауруына шалдыққанын туғаннан соң 1 аптада байқауға болады. Ондай балалар әлсіз келеді. Туа берілетін қозғалыс рефлекстері жетілмейді.

СНХ: Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы.

МӘТІН: Еліміздегі барлық балалрды тегін емдеу үшін мемлекеттің тарапынан қаржы бөлініп отыр. Оларға тегін дәрі-дәрмектер, жүріп-тұруына арналған құралдар беріледі. Сонымен қатар, оларға жәрдемақы төленеді.