Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жеке қорғаныс құралдарының жоспарлы жұмыс жүйесіндегі еңбек қорғау.
1.1. Сақтандыру костюмдер.

1.2. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары.

1.3. Арнайы киім.

1.4. Көзді және бетті қорғайтын жеке бас құралдары.

1.5. Басты және есту мүшелерін қорғайтын жеке бас құралдары және басқа да қорғауды қалыптастырулар

1.6. Қолды қорғайтын жеке бас құралдары.
2. Өндірісте қолданылатын жеке қорғаныш құралдары түсінік.

3. Еліміздегі жеке қорғаныш құралдары.

4. Халықты қорғаудың жеке қорғану құралдары.
4.1. Теріні қорғайтын құралдар.

4.2. Медициналық қорғаныс құралдары.

4.3. Жеке аптечка.

4.4. Жеке таңба пакеті.

5. Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.

5.1. Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану.

5.2. Қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі.

ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Кіріспе

 

Жеке қорғаныс құралдары қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге қолайсыз әсерден ескерту әдістерінің бірі болып табылады. өндірістік факторладың зиянды және қауіпті әсері адамның өндірістік жабдықтармен, материалдармен және бұйымдармен тікелей қатынасқа түсуінің нәтижесінен, не болмаса өндірістік процестердің нәтижесінде ластанған және өзгерген ауа, кейде су орталары арқылы жүзеге асады. Жұмысшыларды сенімді және тиімді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігін жоғарылатады, өндірістік жарқаттардың және кәсіби ауруларын төмендетеді. Жеке қорғаныс құралдары қолдану тиімділігі көбінесе оларды дұрыс таңдауға және қолдануға тәуелді. Жеке қорғаныс құралдары таңдау кезінде өндірістік процестің жағдайын анық ескеру керек, жұмыыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторды түрі мен ұзақтылығы, сонымен қатар жұмысшылардың жеке басының ерекшеліктері. Жеке қорғаныс құралдары тек қана дұрыс пайдалану ғана жұмыс орнында, оларды қолдануда жоғары қорғаныс эффектісін қамтамасыз ете алады. Осы үшін өндірістің және ұйымның жұмысшылары жеке қорғаныс құралдары ассортименті мен қабылдануын білуі керек.

Берілген әдістеменің негізгі тапсырмасы болып «Жеке қорғау құралдары» курсын меңгеру кезінде студенттерге тәжірибелік көмек көрсету.

Курстың оқу бағдарламасында жеке қорғаныс құралдарын терең меңгеруге және тиімді пайдалануға жағдай жасауға зертханалық жұмыстар көрсетілген. Берілген оқу-әдістемелік құрал жеке қорғаныс құралдарын таңдау кезінде студенттерге бағыт алуға және өндірістікпроцестердің нақты жағдайын зиянды факторлардың жұмысшыларға әсер ету түрі мен ұзақтылығын, сонымен қатар жұмысшылардың жеке басының ерекшелігін ескеруге көмектеседі.

Берілген әдістемелік басқарма негізінде студенттер, болашақ ретінде, өндірісте еңбек қауіпсіздігін жоғарлатуды, өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды төмендетуді қамтамасыз етуді, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен сенімді және тиімді қамтамасыз етуді білуі керек.

 

ІІ Негізгі бөлім

 

1.Жеке қорғаныс құралдарының жоспарлы жұмыс жүйесіндегі еңбек қорғау

Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлар. Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардың гигиеналық мөлшерлі қағидалары. Жеке басты қорғау құралдарының түрлері. Жеке басты қорғау құралдарының қолданудағы және таратудағы түрлі нормалар. Жеке басты қорғау құралдарының әр — түрлі класстарының белгіленулері және баға қағидасының сапасы. Жеке басты қорғау құралдарының жұмысшыларының мекемедегі басқару жүйесі — өтініштерді толтыру тәртібі, қабылдау, сақтау, тарату тәртібі, қолдану және күту басқармасы.

1.1. Сақтандыру костюмдер

Арналымы, түрлері, жалпы техникалық талаптар. Конструктивтік ерекшелері, шлангілік және автономды сақтандыру костюмдердің қорғаныс және пайдалану қасиеттері.

1.2. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары

Арналымы, түрлері және негізгі техникалық талаптар. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының сапа көрсеткіштері. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының конструктивтік ерекшелері. Жіңішке талшықты сүзілетін материалдар. Жеңіл газды-шаңды қорғағыш респираторлар. Шаңға қарсы респиратор.

Өндірістік сүзуші противогаздардың тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары. Сүзуші респираторлар мен противогаздардың конструктивтік ерекшелері.

1.3. Арнайы киім

Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері. Материалдар. Стандартизация мөлшері. Механикалық әсерлерден, жоғары және төмен температуралардан, радиоактивты заттардан, улы емес шаңдардан, судан, сілтіден, қышқылдар ерітінділерінен, мұнай және мұнайлы өнімнен және тағыда басқа жалпы өндірістік ластанулардан. Қорғайтын арнайы киімдердің конструктивтік ерекшеліктері.

1.4 Көзді және бетті қорғайтын жеке бас құралдары

Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері. Қорғайтын көзілдіріктер, жарық фильтрлері және шынылар. Механикалық жарақаттанудан, химиялық әсер етулерден және зиянды сәулелерден, көзді және бетті қорғайтын қаптардың, көзді қорғайтын көзілдіріктердің конструктивтік ерекшеліктері.

1.5 Басты және есту мүшелерін қорғайтын жеке бас құралдары және басқа да қорғауды қалыптастырулар

Жалпы техникалық талаптарға арналған конструктивтік ерекшеліктердің түрлері. Жер асты жұмыстарына арналған каскалар, жалпы және арнайы қорғау каскаларының конструкциялары. Каскаларды таңдау, күту және сақтау.

1.6 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары

Негізгі талаптарға арналған конструктивті ерекшеліктердің түрлері. Механикалық жарақаттардан және дірілден, судан, қышқыл ерітінділерінен, сілті және ерітінділерден, мұнай және мұнай өнімдерінен, элекрт тоғынан жеке басты қорғайтын құралдар.

 

2.Өндірісте қолданылатын жеке қорғаныш құралдары түсінік

Құрылыс нысанындағы еңбек қауіпсіздігі мен тіршілік қаіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі және жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сай пайдаланбауы нәтижесінде жұмыс орындарындағы жарақаттар, кәсіптік аурулардың жиілігімен, жұмыс ауырлығы, өндірістік апаттар санының артуымен анықталуда 
Дамыған өндірістік мемлекетерде құрылыстық жұмыстарға барлығы 5%-10% жұмысшы күші керек деп есептеледі. Дүние жүзі бойынша 90% жұмысшылар- ер адамдар болса, ал кейбір мемлекеттерде осы көрсеткіштен көбі- әйел адамдар, бірақ олар топ болып ұсақ жұмыстармен айналысады.
Құрылыс жұмыстардың әрбір түріне байланысты, келесідей болжам жасауға болады, негізгі қауіп көзі болып- құлаудан келетін қауіпті айтуға болады, тіптен аласа жерден құлаудан да зардаптар келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес өндірістік жарақаттар көрсеткіші 50% құрап отыр.
Құрылыс нысанындағы жазатайым оқиғаның ықтимал болуынан немесе қолайсыз жағдайлармен қоса, денсаулыққа келтiрiлетiн зияннан тиiстi қорғау өзге құралдармен қамтамасыз етiлмеген жағдайда, жұмыс берушi қызметкерлер үшiн, жұмыстың сипаты мен қатерiн ескере отырып, ұлттық заңнамадағы және ережелердегi ұйғарымдарға сәйкес тиiстi жеке қорғану құралдарын және қорғану киiмiн тегiн бередi және оларды тиiстi жағдайда тегiн ұстайды.
Өндірісте кездесетін жарақаттардың негізгі себептері: электрөткізгіш, құралдарда ақаулар, механиздердің қоршалмауынан, жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін жеткілікті білмеуі, электр тогымен жұмыс жасайтын құралдар мен аппараттардың дұрыс оқшауланбауы және т.б
Қазіргі кезде, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жұмыс пен бөлінген үлкен көлемдегі қаражатқа қарамастан, құрылыс нысанындағы жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстарының графигі жиі бұзылады. Ескірген, ақауы бар құрал-жабдықтар қолданылады, техника қауіпсіздігінен білімі жоқ адамдар жұмысқа алынады, жұмысшылардың білімін тексеру уақыты мен техника қауіпсіздігін сақтамайтын жағдайлар жиі кездесіп, осының салдарынан бақытсыз жағдайлар орын алады. Құрылыс нысанындағы жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сай дұрыс пайдаланбауы жайында басшыларға ескертіп айттық.


Заманауи жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) сапасы тек олардың қорғаныс сипаттамаларымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі критерийлермен де анықталады, олар: эргономикалық, эксплуатациондық (тұтынушылық), эстетикалық. Жеке қорғаныс құралдарын қолдану қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға жағымсыз әсер етуін болдырмай, оның алдын- алу шараларының бірі болып табылады. Жұмысшыларды сенімді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардың санын төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға көмегін тигізеді. Бірақ, ЖҚҚ-ының тиімділігі көбінесе оларды дұрыс таңдау мен пайдалана білуге де байланысты болады. Қорғаныс құралдарын өндірісте қолданудың біршама өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай ерекшеліктерге ЖҚҚ-ын қолданбау, нақты қауіптіліктерді дұрыс бағаламау, өз денсаулығы мен маңайындағы адамдардың өміріне қауіп төндіру сияқты мәселелермен байланыстыларын жатқызуға болады. Сонымен қатар, өндірістегі әрбір бесінші жазатайым жағдай жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, сапасының төмендігінен немесе дұрыс пайдаланбағаннан болатыны белгілі. Кәсіпорынның әртүрлі саласында жұмысшыларды ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз ету және ең алдымен, олардың ең маңызды түрлері – тыныс жолдары мен тері қабатын қорғайтын құралдармен қамтамасыз етудің рөлі зор, себебі бұл экономикалық жағынан қол жетімді, әрі, сонымен қатар денсаулықты тиімді қорғау шарасы болып табылады. Теріні қорғауға арналған ЖҚҚ-ын әдетте зарарсыз жерлерде киеді. Олардың ерекшелігі – осы киімдердің герметикалығынан ауаны ішіне қарай өткізбейді. Бір жағынан бұл жақсы, ал екінші жағынан – дененің терлеуінен бөлінген булар мен жылудың артық мөлшері киімнің ішінде қалып қояды. Соның салдарынан адам денесі тез қызып, тез шаршайды. Теріні қорғаушы құралдармен +15°С-дан жоғары температурада адам ұзағырақ жұмыс істеуі үшін ылғал экрандаушы (суытушы) мақта-қағаздан тігілген, теріні қорғайтын құралдардың сыртынан киетін комбинезондарды қолдануға болады, оларды кезеңмен сулап, ылғалдап отыру керек. Теріні қорғауға арналған оқшаулағыш құлардармен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан олармен үздіксіз жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаның температурасына қарай және жұмыстың ауырлық дәрежесіне қарай оларды пайдаланудың шектеулі мөлшерлік мерзімін тағайындау қажет (сағатпен). Ағаш дайындау шаруашылығы кешеніндегі (әрі қарай – АДШК) жұмысшылардың еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау көптеген зиянды факторларға тәуелді, олар: механикалық, термиялық, биологиялық, фитосанитарлық, радиациялық, химиялық сипатта болып келеді. Жоғарыда аталған факторлардың әсер етуінің нәтижесі қайғылы жағдайлар деңгейінің артуына, жұмысшылар денсаулығының қатты нашарларуына әкеліп соғуы мүмкін. АДШК проблемаларын шешу кезінде маңызды орын алатын мәселердің бірі – ауыр жұмыс жағдайына және жарақат алу мүмкіндігінің жоғары болуымен байланысқан адамдық фактор. Қазіргі кезде қолданылып жүрген жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тегін таратудың салалық типтік нормасында ағаш дайындау шаруашылығындағы ағаш дайындайтын, ағаш жағатын, химиялық ауыл шаруашылығы саласының және т.б. жұмысшыларының негізгі кәсібі мен оларға арналған ЖҚҚ түрі көрсетілген. Зерттеулер көрсеткеніндей бұл құралдар жұмысшыларды Вестник КазНТУ. — 2014. — № 3(103). — С. 168-171 жалпы өндірістік ластанудан, механикалық бүлінуден (ағаш жаңғақтарының денені жарақаттауынан), төменгі температурадан және т.б. қорғайды. Бірақ олар кесетін, қадалатын құралдардан, ең бастысы шынжырлы араның қауіпінен қорғай алмайды. «Тігін өнеркәсібіндегі орталық ғылыми зерттеу институты» Ашық Акционерлік Қоғамында (ары қарай – «ТӨОҒЗИ» ААҚ) ағаш дайындайтын салада жұмыс істейтін жұмысшылардың экипировкасын кескіш құралдардың әсеріне сынау жұмыстарын ғылыми негіздеу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Айналаны тазалау, ағаш жығу және бөлшектеу, кесу, жинау, тиеу жұмыстарын атқаратын жұмысшыларға арналған экипировканың міндеті өндірістік зиянды факторлардан қорғау ғана емесе, сонымен қатар метеорологиялық факторлардан да қорғау және олардың адамға әсерін тағайындау. Ағаш дайындаушыларға арналған экипировка жеке қорғаныс құралы болып табылады. 89/391/ЕЕС Директивасына сәйкес жеке қорғаныс құралдары – бұлар жұмысшының денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бір немесе одан да көп қауіптіліктерден сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жұмысшыға қажетті құралдар. МЕСТ 12.4.011–89 сәйкес қорғаныс құралдары кешенді қорғаныс құралдарына жатады. Қазіргі кезде жалпы техникалық талаптардан, қорғаныс құралдарындағы «Кескіш құрал- жабдықтардан қорғау құралдары» класынан басқа ЖҚҚ-ның барлық кластары бойынша олардың нақты түрін санау нормасы мен тәсілдерінен тұратын стандарттар жасақталып, қолданысқа енгізілді. Кескіш құрал-жабдықтардан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар Ағаш дайындау саласындағы негізгі кескіш құрал-жабдыққа шынжырлы қол ара жатады. Шынжырлы қол арамен жұмыс істеген кезде төнетін қауіптің (механикалық қауіптің) деңгейі өте жоғары, ал жарақаттау дәрежесі – өте ауыр. Көбінесе жарақаттанатын адамның денесінің аяқ бөлігі мен денесінің жоғарғы бөлігі. Бұл жұмыстың өзіне тән ерекшелігіне (иілу – кескіш құралдың аяқ деңгейінде орналасуы, қолды көтеру – кескіш құралдың иық деңгейінде болуы) байланысты. Бұл қорғаныс құралдарының екі түріне деген талаптарды жасақтауға көмектеседі: аяқтың қорғаныс құралын, дененің қорғаныс құралын. Олардың әрқайсысы көпқабатты бұйым (тігу әдісіне қарай) болып келеді және материалдардың пакетіне кіреді. Қорғаныс құралдарына арналған материалдардың пакеті негізгі матадан, қорғаныс қаптамадан құралады. Қазіргі кезде халықаралық, сонымен қатар отандық нарықта шет елде өндірілген жаңа қорғаныс маталардың түрлерін (мата, тоқыма мата, мата саналмайтын қаптама және т.б.) «араға төзімді» деген жалпы атаумен шығарады. Олардың міндеті – шынжырлы қол арамен жұмыс істеген кездегі қорғаныс құралына қолданатын маталар пакетін қаптама ретінде қолдану. Бағасы жоғары болып келетін шет елдік араға төзімді материалдардың қорғаныс қасиеттерін отандық мамандар шынайы бағалай алмай отыр, оның себебі – базалық құрал-жабдықтарының жоқтығы. – қорғаныс қабатын түзетін талшықтардың созылуға төзімділігі жоғары болуы керек, және келесі қорғаныс принциптерінің бірін қанағаттандыруы тиіс: – қаптамамен жанасқан кезде шынжыр сырғанап кетуі керек; – басты механизмдерге талшықтар оралып қалған жағдайда тізбегі жабылып қалуы тіис; – айналу энергиясын сіңіруі есебінен талшықтардың кесілуге кедергісі жоғары болған жағдайда тізбек тежелуі тиіс. Қолданылатын қорғаныс құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарт қорғауға қажетті аймақ. Қорғау аймағы – бұл қорғаныс қабатының (қорғаныс жабындысының) қажетті минималды ауданы, бұл бұйымның қосалқы бөлшектерін жасау кезіндегі құрылымдық шешімдер арқылы түзіледі және өндірістік қауіптіліктер мен шынжырлы қол арасымен жұмыс істеу тәжірибесін ескере отырып қабылданады. 2009 жылы «ТӨОҒЗИ» ААҚ-да АДШК-де жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған экипироваканы өндіру технологиясын жасақтау және игеруге кірісті. Мұнда тұтынушылық, дәрігерлік-биологиялық және қорғаныс қасиеттерін ескеру қажет болды. Жасақталған талаптар мен АДШК жұмысшыларын бірнеше нақты кемшіліктері бар стандартты арнайы киіммен қамтамасыз ету НИОКР (ҰҒЗЖҰ) бағытын тағайындауға мүмкіндік берді. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты АДШК-дегі жұмысшылардың қауіпсіз және комфорттық жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін заманауи, отандық, төзімділігі жоғары тоқыма материалдар мен тігу бұйымдарын жасақтау және олардан құрамына жаздық, қыстық арнайы киімдер мен денені, аяқты, қолды қорғауға арналған құралдар кіретін экипировканы дайындау тәсілдерін жасақтау болды.

3. Еліміздегі жеке қорғаныш құралдары.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметкерлерге сүт, емдік- профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киімжәне басқа жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын бекітеді, сондай-ақ оларды жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді. Жеке қорғану құралдары – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнаулы киім. Ұжымдық қорғану құралдары – екі және одан көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар. Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де заттар (ҚР Еңбек кодексі 1 бабының 1 тармағы). Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар – бұл ортақ пайдаланудың гигиеналық мақсаттары үшін пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар мен құрылғылар. Емдік-профилактикалық құралдар – қызметкер денесінің ашық бөліктерін (қол, бет) химиялық өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған жуушы құралдар, сабын, әр түрлі кремдер, сықпалар және басқа зарарсыздандырушы құралдар. Жұмыс беруші жеке қорғану құралдарына деген қажетсінуді анықтай оты- рып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі зиянды факторларының бар екендігі мен мөлшерлерінің деңгейлерін есепке алады және жеке қорғану құралдарының түрін анықтайды (шудың, дірілдің, шаңның әсерінен, биіктіктегі жұмыс, температуралық режимдердің артып кетуі және басқалар). Ол ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру, қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету Қағидаларын; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт беру нормалары; қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын басшылыққа ала отырып, жеке қорғану құралдарын беруге міндетті. ЖҚҚ нормалары ЖҚҚ нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 172 «Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын беру нормаларын бекіту туралы» (Ауыл және су шаруашылығы, ағаш дайындау, ағаш ағызу, ағаш өткеру, орман шаруашылығы ұйымдарының, газ-құтқару және қосалқы тау-кен-құтқару жасақтарының, денсаулық сақтау, байланыс саласы, тұрғын түй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлеріне, құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен қамтылған қызметкерлерге, мәдениет саласындағы негізгі мамандықтардың қызметкерлеріне, орта білім, орта арнаулы білім беру және спорттық мекемелердің қызметкерлеріне, мұнай және газ өнеркәсібінің, мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің қызметкерлеріне) қаулысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 168-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 178-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 39-ө, 2009 жылғы 21 наурыздағы № 96/1-ө, 2008 жылғы 10 шілдедегі № 169-ө, 2009 жылғы 30 маусымдағы № 203/1-ө, 2009 жылғы 16 наурыздағы № 84-ө, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 176-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 312-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 313-ө, 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 129/1-ө, 2009 жылғы 22 қазандағы № 311-ө (банкілердің, тау-кенметаллургиялық өнеркәсіп пен металлургиялық өндіріс пен өнеркәсіптің басқа салаларының, химия өндірісі қызметкерлеріне, автомобиль көлігі мен тас жолдар саласымен қамтылған қызметкерлерге, электр энергетикалық саласы ұйымдарының қызметкерлеріне, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан шахталарда, көмір өнеркәсібі кәсіпорындары мен қималарында жұмыс істейтін қызметкерлерге, машина жасаужәне прибор жасау өндірістерінің, темір жол көлігінің қызметкерлеріне, атом өнеркәсібі мен энергетикамен, азаматтық авиация, авиациялық және қорғаныс өнеркәсібімен, құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар өндірістерімен, металл өңдеу өндірістері және басқаларымен қамтылған қызметкерлерге) бұйрықтарымен бекітілген. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк орган белгілеген нормалар ең төменгі нормалар болып табылады және жұмыс беруші оларды қажетсінуді анықтай отырып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының деңгейлері мен мөлшерлерін есепке ала отырып, жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімін қысқарта алады немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт,емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялықтұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, қосымша ЖҚҚ-н бере алады. Сыныптар ЖҚҚ, пайдалану мерзімдері МемСТ 12.4.011-89 ЕҚСЖ «Жұмыс істеушілерді қорғау құралдары. Жалпы талаптар және жіктелуіне» сәйкес тағайындалуына қарай ЖҚҚ мынадай сыныптарға бөлінеді: оқшаулағыш костюмдер; тыныс алу органдарын қорғау құралдары; арнаулы қорғаныс киімі; аяқтарды қорғау құралдары; қолдарды қорғау құралдары; басты қорғау құралдары; бетті қорғау құралдары; көздерді қорғау құралдары; есту органын қорғау құралдары; биіктіктен құлаудан қорғану құралдары және басқа да сақтандыру құралдары; қорғаныс дерматологиялық құралдар; қорғаныстың кешенді құралдары. Жеке қорғану құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбе бойынша белгіленеді және оларды қызметкерлерге нақты берілген күннен бастап есептеледі. Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланысты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс. Жұмыс берушілер ЖҚҚ-н беру мен алмастыруға, жууға, жөндеуге, активсіздендіруге, кептіруге жеке есеп жүргізуді ұйымдастырулары тиіс. Жеке қорғану құралдары (газтұтқылар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс. Қызметкерлерге берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғану құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші қызметкерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен кағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді.

4. Халықты қорғаудың жеке қорғану құралдары

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпы әскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

4.1 Теріні қорғайтын құралдар

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

4.2Медициналық қорғаныс құралдары

Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

4.3 Жеке аптечка

Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

4.4 Жеке таңба пакеті

Жеке таңба пакетінің ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған . 
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық .Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары.

5.Жұмысшыларды қорғану құралдарымен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы — тұрмыстық құралдармен , емдеу — профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен , емдеу — профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жүзеге асырады . Жеке қорғану құралдарының қатары жеке және ұжымдық келісім — шарттармен анықталады . Жеке қорғаныс құралдары жұмысшылардың басқа жұмысқа ауысып , немесе қүралдардаң қолдану мерзімі аяқталған кездерде беріледі . 
Ұйымда міндетті түрде санитарлы — тұрмыстық орындар болуы қажет , оларға : кім ілу , жуыну , тазалау , дәретханалар , ішетін су орнатылған орындар , арнайы киімдерді жуып , тазалау орындары кіреді . Жұмыс берушілер жеке қорғаныс қүралдарының тек сертификатталған түрлерін беруі тиіс . Жеке қорғаныс құралдары қозғалуы кезінде кедергікелтірмейтін ыңғайлы болуы және жұмысшылардың өз өлшемімен берілуі тиіс . 
Талапқа сай емес және қолдау мерзімінен өтіп кеткен арнайы киімдер мен аяқ киімдерін жұмысшы тарапынан әсерсіз оны ауыстыру қажет .
Маусым келген кезде арнайы киімдер мен аяқ киімдер өткен маусымда пайдаланған жұмысшыларға қайтарылып беріледі .

Жеке қорғаныс құралдары ( газдан қорғану құралы , қорғану белдіктері , каскалар және т . б ) тұрақты тексерістен өткізіліп жөнделіп отыруы , ал әйнектер мен басқа да қорғаныс құралдары уақтылы жаңарып отыруы тиіс .
 
Жұмысшыларға берілген арнайы кімдер мен жеке қорғаныс құралдары арнайы кеңістіктің санитарлық нормаларына сәйкес сақталады .

5.1 Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын пайдалану

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы N 22- п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен , санитарлы — тұрмыстық құралдармен , емдеу — профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс жабдықтарын сақтаудыұйымдастырады . Профилактикалық өңдеуді және жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек. 
Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса , ұйымдарда кептіргіштер , қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулержүргізіледі.
Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып , шаң тозаңнан тазартылуы , кептірілуі тиіс . 
Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс .

Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса , жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады .

Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін ( сынап , қорғасын , этилді бензин , радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі .

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

5.2. Қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі.

Қауіпті әрі зиянды еңбек жағдайында, сондай-ақ айрықша температура жағдайында жұмыс істейтін немесе адамның денесін ластайтын жұмыспен айналысатын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне [1] сәйкес және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2007ж. 31-шілдедегі №84-ө [8] бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, санитарлы-тұрмыстық бөлмелермен және жабдықтармен қамтамасыз ету Ережесі негізінде арнайы киімдер, арнайы аяқ киімдер және басқа да жеке қорғану кұралдары тегін беріледі. Жеке корғаныс құралдарын қолданудағы негізгі мақсат — адамдарды өндірісте кездесетін зиянды әрі қауіпті және қоршаған ортаның жайсыз факторларынан қорғау.

Жеке қорғаныс құралдары әдетте зиянды әрі қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен адамдарды қолданыстағы жабдықтарға, технологияларға қатысты конструктивтік шешімдердің көмегімен және ұжымдық қорғану құралдарымен қорғау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.

Мекемелердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру кезінде төмендегідей шараларды орындайды:

жеке қорғаныс құралдарының өндіріс жағдайларына, стандарттарға, санитарлы-гигиеналық талаптарға және өндірістік эстетиканың талаптарына сәйкестігін анықтайды;

жеке қорғаныс құралдарын жетілдіруге және олардың жаңа түрлерін жасауға, енгізуге қатысты техникалық талаптар мен шарттарды әзірлейді;

арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын тегін берудің типтік ведомствалық нормаларын өзгерту және толықтыру жөнінде негізделген ұсыныстарды дайындайды;

арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын қолдану жөнінде әдістемелік ұсынымдарды, нұсқауларды, көмекші құралдарды әзірлейді;

жеке қорғаныс құралдарының дұрыс берілуін, сақталуын, күтіп ұсталуын және пайдаланылуын бақылайды.

Арнайы киім, арнайы аяқ киім және өзге де жеке қорғаныс құралдарын алған мекемедегі әр қызметкерге жеке есеп парағы ашылуы керек. Бұл есеп парағында қызметкер алған жеке қорғаныс кұралдарының толық атауы, оның қандай матадан немесе материалдан жасалғаны (брезент, мақта мата, резеңке, тері және т.б.), қорғау ерекшелігі, стандарты, тұрпаты, өлшемі көрсетілуі тиіс. Жеке қорғаныс құралдарының қоймалық есебінің парағын және жеке қорғаныс құралдарының жеке есеп парағын құрылымдық бөлімшенің бухгалтериясы рәсімдейді.

ІІІ Қорытынды

Қорыта келгенде осы өндіріс авариялар алуан түрлі болуы мүмкін.Өндірістік объектілерді пайдаланудыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтыққатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардыңәзірлігін, авариялардың жеке жәнеөндірістік тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтірілген залалдарын кепілдікпен өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау, экологиялық, өрт қауіпсіздігі саласындағы, атом энергиясы мен ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролыққаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану мен кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік саласындағы өндірістік аварияларды реттеу. Соныменқатар құрамаға кірмеген кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері де апатты жоюдан жұмыстарды жүргізуге,обьектідегі зардап шеккендерді құтқаруға әзір болулары керек.

Олардың қолданылу аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан да олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шүғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін.Олар арнайы және қолдан жасалған болып бөлінеді.Арнайы заттар оқшаулау(ауа өткізбейтін) және сүзгіш (ауа өткізетін)болып бөлінеді.Арнайы сүзгіш киімі мақта-матадан дайындалады,бір қабаты арнайы улы затты ұстап қалатын химиялық затпен сіңдіріледі,ол ауа өткәзгіш қасиеті сақталып,улы заттарды залалсыздандырады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескету мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецептурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

1. C. К. Миронов Средства индивидуальный защиты. Москва
2. Средства индивидуальный защиты работающих на производстве: Каталог
3. МемСт 12.4.087-80 Құрылыс. Құрылыстық каскалар. Техникалық жағдайы.
4. МемСт 12.4.089-95 Құрылыс. Сақтандыру белбеуі. Жалпы техникалық
5. МемСТ 3262- 75 Құрылыс. Арнайы киімдер. Жалпы
6. Маслова Н.В Государственный комитет СССР по делам
7. МемСт 8732- 67 Құрылыс. Арнайы аяқкиімдер. Техникалық
8. МЕСТ 20010-93 Қолғаптар. Техникалық жағдайы.

9. МемСт 1.4.034-2001( ЕН 133-90) Еңбек қауіпсіздігі стандарттының
10. МемСт 23267-78 Дәрі-дәрмек қобдишасы. Жалпы техникалық жағдайы

11. МемСт 12.4.011-89 Еңбек қауіпсіздігі стандарттының жүйелері. Жұмысшылардың
12. МемСт 12.4.107-82 Құрылыс. Сақтандыру арқандары. Жалпы техникалық
13. 20 қыркүйек 2004 ж № 211-п норма.
14.. Министерство строительства, жилья и застройки территории Республики
15. А.3.2.2001. Охрана труда и техника безопасности в
16. Куликов О.Н. Безопасность жизнедеятельности в строительстве. М.
17. Правила проведения аттестации производственных объектов по условиям
18. Безопасность труда в строительной производстве-Казань. КХТИ. 1986.
19. Масотова.В.Н Пособие для самостоятельной подготовки к проверке.